Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Жаңақорғанда республикалық жастар лагері өтіп жатыр (ФОТО)

Жаңақорғанда республикалық жастар лагері өтіп жатыр (ФОТО)

Kyzylorda-news.kz. «Жастар жылының» аясында Жаңақорған ауданындағы «Талдысу» олимпиадалар және қосымша білім беру орталығында «Жастар-Отанға!» республикалық жастар лагері өтіп жатыр. Шараны облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының тапсырысы бойынша «Медиа Жұлдыз» Қоғамдық қоры ұйымдастыруда.
Жастардың үздік идеяларын қолдау мақсатындағы лагерьге «Jas Otan» Жастар қанаты мүшелерімен қатар республиканың әр аймағынан 100-ден аса белсенді, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі, әлеуметтік тұрмысы төмен отбасынан шыққан, NIT санатындағы жастар қатысуда.
«Жастар-Отанға!» республикалық жастар лагерінде бүгінгі буынның әлеуметтік жауапкершілігін арттырып, дарынды жастардың ұтқыр идеялары мен жобаларына қолдау көрсету, әр аймақтан жиналған жастардың бір-бірімен және белгілі тұлғалармен тікелей диалог құруына ықпал жасау көзделген.
Бұл күндері арнайы жоба байқауынан өзге түрлі ойындар, спорттық сайыстар өткізіліп, үздік деп танылған жеңімпаздарға арнайы дипломдар табысталады.
Айта кету керек, жастар лагерь аясында бір кездері Қыпшақ хандығы, Ақ Орда, Қазақ хандығының астанасы болған «Сығанақ» қалашығымен, Төлегатай-Қылышты ата, Қорасан ата кесенесімен, Ақтас мешітімен, «Сауран» қалашығымен арнайы танысады.




26 тамыз 2019 ж. 48 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области