Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешіті 600 балаға қуаныш сыйлады

«Ақмешіт-Сырдария» орталық мешіті 600 балаға қуаныш сыйлады

Kyzylorda-news.kz. ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлының тапсырмасымен еліміздің барлық мешіттерінде "Мектепке жол" республикалық қайырымдылық акциялары өткізілуде.

Осыған орай, ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінде «Мектепке жол» қайырымдылық шарасы өтті.
Акцияға өкілдікке қарасты қалалық мешіттер атсалысып, облыстық, қалалық білім басқармаларынан алынған және мешіттерімізге өтінім білдірген тізім бойынша әлеуметтік жағдайы аз қамтылған отбасы балаларын, сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі балаларды қосқанда 600 балаға оқу-құралдарымен жабдықталған мектеп сөмкелері таратылды.
Шарапаты мол сауапты шара аясында көмек алған балаларының жүзіндегі қуанышты көрген ата-аналар ұйымдастырушыларға алғыс білдіріп, ризашылықтарын жеткізді.
Мектепке дайындық маусымында ұйымдастырылып жатқан игі акция қыркүйек айына дейін облысқа қарасты аудан мешіттерінде де өз жалғасын таба бермек.
26 тамыз 2019 ж. 50 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области