Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » 2019 жылға арналған Қызылорда облысының бюджеті нақтыланды

2019 жылға арналған Қызылорда облысының бюджеті нақтыланды

Kyzylorda-news.kz. Мәслихаттың кезектен тыс 35 сессиясында өңірдің шұғыл қажеттіліктеріне жұмсалатын 14,2 млрд.теңге сомасы нақтыланды. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бүгін Қызылордада облыстық мәслихаттың кезектен тыс 35 сессиясы өтті. Сессия жұмысына Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Бекмырза Еламанов пен Мұрат Бақтиярұлы қатысты.
Мәслихат сессиясында сөйлеген сөзінде Қызылорда облысының әкімі Қуанышбек Ысқақов 2019-2021 жылдарға арналған облыстық бюджет жобасында 14,2 млрд.теңге сомасын нақтылауды ұсынды.
"Бұл қаражатты облыстың кезек күттірмейтін басымды бағыттағы шығындарына жұмсау көзделуде. Біріншіден, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге қосымша 5,1 млрд.теңге бөлінді. Бұдан басқа, 2019 жылғы 1 маусымнан бастап азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының жалақысын арттыруға қосымша 967,9 млн.теңге; еңбек нарығында сұранысқа ие біліктіліктер мен дағдылар бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға 1,1 млрд. теңге бағытталды. «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға кредит беруге 950,0 млн.теңге қаралуда", - деді облыс әкімі.
Айта кетейік, облыс бюджеті өзінің әлеуметтік бағытын сақтап келеді. Денсаулық сақтау, білім беру, спорт, мәдениет саласын дамытуға 878,0 млн. теңге бағытталды. Бұдан басқа, облыс бюджетінің қалған бөлігі Сырдария өзенінің сол жағалауын игеруге және дамытуға (8 жалға берілетін тұрғын үй құрылысына), облыс орталығын дамытуға; мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында 4 жобаны мемлекеттік міндеттемелерін орындауға және 2 жобаны консультативті қолдау мен олардың конкурстық құжаттарын сараптамадан өткізуге бағытталған; сондай-ақ 2017-2020 жылдарға арналған жылу беру маусымында бюджеттік мекемелер мен кәсіпорындарды үздіксіз жылумен қамтамасыз етуге.
"Айта кету керек, Қызылорда облысы Арыс қаласындағы төтенше жағдай салдарынан зардап шеккен тұрғындарға алғашқылардың бірі болып көмек көрсетті. Арыс қаласындағы тұрғын үйлерді қалпына келтіруге және Түркістан қаласындағы халыққа қызмет көрсету кешенін салуға облыстың нақтыланған бюджеті қаражатының бір бөлігі бағытталды", - деп атап өтті аймақ басшысы.
Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылға арналған облыс бюджеті 239,2 млрд.теңге көлемінде бекітіліп, жыл ішінде 3 рет нақтыланып, нәтижесінде облыс бюджетінің көлемі 297,0 млрд.теңгені құрады.
19 тамыз 2019 ж. 53 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области