Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордалық полицейлер арасындағы үздік маман кім?

Қызылордалық полицейлер арасындағы үздік маман кім?

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысы Полиция департаментінің Криминалдық полиция саласының қызметкерлері арасында «Үздік жедел уәкіл» байқауы өтті. Бұл туралы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Байқаудың ережесіне сәйкес, оған өзінің қызметтік міндеттерін адал орындайтын, жұмысында тұрақты оң нәтижелері бар, саптық дайындығы жоғары 9 жедел қызметкерлер қатысып, өздерінің шеберліктерін көрсетті.
Байқауға қатысушылар атыс, дене шынықтыру дайындығы және күрестің жауынгерлік тәсілдер бойынша өзара сынға түсіп, тосын жағдайлардағы іс-қимылдарға дайындықтары тексерілді.
Сайыстың нәтижесінде байқаудың бас жүлдесін облыстық Полиция департаментінің Криминалдық полиция басқармасының аға жедел уәкілі Асылбек Қыясов еншіледі.
І орынды Шиелі ауданынан келген аға жедел уәкіл, полиция майоры Дархан Исабек, ІІ орынды аралдық аға жедел уәкіл, полиция капитаны Бектөре Құдайберген иеленді. Ал ІІІ орын Қазалы ауданынан келген полиция аға лейтенанты Мұрат Баймахановқа бұйырды.
Сайыстың соңында департамент бастығының орынбасары, полиция полковнигі Серік Шалхаров барлық қатысушыларды марапаттап, тұрғындар тыныштығын қорғауда қырағы болуға шақырды.
19 тамыз 2019 ж. 59 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области