Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордалық әскерилер қарудың орнына, күрек ұстады

Қызылордалық әскерилер қарудың орнына, күрек ұстады

Kyzylorda-news.kz. Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімдері елде жарияланған «Бірге – таза Қазақстан» экологиялық акциясына қосылды. Бұл туралы қолбасшылықтың баспасөз қызметі хабарлады.

«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының басшысы майор Дина Мухаринованың айтуынша, командирлер басқарған әскери қызметкерлер гарнизондарының жанынан ағып өтетін арықтар мен өзендерді тазалауға кірісті. Ең алғашқылардың бірі болып тазалауға 5-ші механикаландырылған бригаданың әскери қызметкерлері шықты.
Сондай-ақ акцияға «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының Шымкент, Гвардейск, Қызылорда, Луговский және басқа да гарнизондарының әскери қызметкерлері қосылды.
«Еліміздің премьер-министрі акция кеңінен таралатынына, жалпы республика деңгейіне тарап, азаматтардың тарапынан қолдауға ие болатынына сенім білдірді. Шынымен де, арналар мен арықтарды тазалауға әскери қызметкерлер ғана емес, сондай-ақ, олардың отбасыларының мүшелері де шықты. Тіпті өздері ниет білдірген. Бұл әскери қызметкерлер мен олардың отбасылары елінің тағдыры мен жағдайына бейжай қарамайтынын білдіреді. Біз барлығымыз үлкен бір елдің – Қазақстан Республикасының азаматтарымыз. Біздің әскери қызметкерлеріміз туған қалалары мен ауылдарының көшелерінде қоқыс жатпағанын, өзендердің таза болғанын, экологияның нашарламағанын қалайды», - деді «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының әскерлері қолбасшысының тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары Ораза Күшіков.
«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметінде атап өткендей, әскери қызметкерлер арналарды, арықтарды, су қоймаларын, өзендерді тұрақты түрде тазалап отыруға ниетті. Бұл басқалар үшін жақсы үлгі болмақ.

19 тамыз 2019 ж. 53 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области