Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Энергетикалық сусындарды ішкен адам жүрегінен айрылады

Энергетикалық сусындарды ішкен адам жүрегінен айрылады

Kyzylorda-news.kz. Кардиохирургия саласында 16 жылдық тәжірбиесі бар Ермағамбет Қуатбаев адам ағзасына үшін зиян сусынның түрін атады. Ол бұл туралы sputniknews.kz ақпарат агенттігіне берген сұхбатында мәлімдеген.

Білікті дәрігердің сөзінше, энергетикалық сусындар жүрекке артық салмақ түсіріп, денсаулыққа кесірін тигізеді.
"Энергетикалық сусынды мүлдем ішпеген дұрыс. Себебі, олардың құрамында глюкоза яғни қант өте көп, әрі бұл сусындар газдалған болып саналады, концентраты да бар. Энергетикалық сусын адам организміне кері әсерін тизігіп, жүректің соғуын өзгертеді", - дейді Ермағамбет Қуатбаев.
Сондай-ақ, кардиохирург кофені де аз мөлшерде ішуге болатынын, алайда оны шектен тыс қолдануға болмайтынын айтып, кеңес берді.

19 тамыз 2019 ж. 69 0
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области