Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Шиеліде шағын кәсіп жандануда

Шиеліде шағын кәсіп жандануда

Kyzylorda-news.kz. Кәсіпкерліктің дамуы жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді. Бүгінде мемлекеттік бағдарламаның тиімділігі арқылы өз бизнесін ашып, табыс көзін еселеп отырған кәсіпкерлер көп. Шиелі ауданы бұл бағытта оң нәтижеге жетіп отыр.

Ауданда бүгінде 4500-ге жуық кәсіпкерлік субъектілері тіркелген. Оның 91 пайызы, яғни 4107-і тұрақты ісін жүргізуде. Ауданда мемлекеттік бағдарлама шеңберінде несие алып, кәсібін бастағандар да аз емес. Биылғы жылдың 7 айында «Еңбек» бағдарламасы бойынша жобалық құны 147 млн теңгені құрайтын 42 жоба қаржыландырылған.
Мұнан өзге, Ауыл шаруашылығын қолдау қоры мен «Өңірлік инвестииця орталығы» арқылы құны 178,4 млн теңгені құрайтын 55 жоба қолдау тапқан.
Қайтарымсыз грант алып, іс бастаған кәсіпкерлер де өз бизнесін жүргізуде. Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлік бағдарламасы бойынша 59 жобаға 14,8 млн теңгеге қайтарымсыз грант қаражаты берілген. Бұл үшін 53 жас оқу курсынан өтіп, бизнес ашудың жолдарына кіріскен.
Ауданда кәсіпкерлік ширап келеді. Өз бизнесін дөңгелеткен кәсіпкерлер тиімді несие алып, жаңа жұмыс орындарын ашуда.
16 тамыз 2019 ж. 19 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области