Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Кәсіпкердің өндірісі өрлеуде

Кәсіпкердің өндірісі өрлеуде

Kyzylorda-news.kz. Қызылордада кәсіпкерлік саласы қарқынды дамуда. Кәсіпті нәсіп еткендер қазіргі таңда сұранысқа ие істі қолға алып, ел игілігіне де, өз нәсібесіне де жұмыс жасауда. Солардың бірі 2012 жылдан бері күйдірілген қыш өндіру ісімен айналысатын Марат Палжанов бүгінде өндірісін өрлетіп отыр.

Кәсіпкер «Даму» қоры арқылы 9 млн.теңге мөлшерінде несие алып, қыш өндіру ісін бастаған. 11 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отырған кәсіпкердің өніміне сұраныс көп. Марат 7 ай ішінде 450 мың қам кесек өндірген. Қазірде кәсіпкер Түркістан аймағына қам кірпіш жеткізу бағытында келісімге келген.
2015 жылы Марат Палжанов қыш кірпіш шығару үшін өз қаражатына газ алып, ісін жолға қойған. Оның айтуынша, кірпіш өндіру ісінде сапа мәселесі маңызды.
«Кірпішті қыздыру процесі бірнеше кезеңнен тұрады. Бұл өте ауыр жұмыс. Шикі кірпішті 920-дан 980 градусқа дейін біртіндеп қызуын бақылаймыз. Қам кесектің құны – 16 теңге, күйдірілген қыш кірпіш – 30 теңге», - дейді Марат Палжанов.
Кәсіпкер өндіріс орны арқылы бірнеше азаматқа жұмыс орнын ұсынып отыр.
16 тамыз 2019 ж. 101 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области