Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қазақстанда салық төлеушілердің 2,3 млрд теңгелік өсімпұлы кешірілді

Қазақстанда салық төлеушілердің 2,3 млрд теңгелік өсімпұлы кешірілді

Kyzylorda-news.kz. Салықтық рақымшылықты жыл басынан бері 40 мыңнан астам заңды тұлға мен жеке кәсіпкер пайдаланған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстанда кәсіпкерлікті қолдау бағытында бірқатар мемлекеттік іс-шара қабылданғанын білесіздер. Соны бірі – Қазақстанның Тұңғыш Президентінің шағын және орта бизнес субъектілері үшін жариялаған салықтық рақымшылығы. Яғни, салық төлеуші негізгі қарызды төлеген жағдайда өсімақы мен айыппұлдарды сызып тастау тәжірибесі біздің елде бұрыннан бар. Елдегі ШОБ-тың дамуына бұл қадам айтарлықтай оң ықпал етеді. Қазіргі таңда Қазақстанда 830 мыңға тарта шағын және орта бизнес субъектісі бар. ЖІӨ-дегі аталмыш сектордың үлесі – 28 пайыз. Соңғы 10 жылда олардың 143,7 млрд теңгелік өсімпұлы мен айыппұлы кешірілген», - деді ҚР ҚМ МКК Аудит департаментінің директоры Жандос Дүйсембиев ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті мен Қазақстан салық төлеушілері қауымдастығының бірлескен конференциясында.
Комитет өкілінің айтуына қарағанда, рақымшылық барлық санаттағы салық төлеушілерді қамтыған. Рақымшылық акциясының ел экономикасына оң ықпал еткенін Жандос Дүйсембиев нақты статистикамен дәлелдеуге тырысты.
«2015 жылы жүргізілген салықтық рақымшылыққа қатысқандардың 67 пайызының қазіргі таңда салықтық қарызы жоқ. Ол дегеніміз – 122 мың заңды тұлға мен жеке кәсіпкер. Ал 2018 жылдың 1 қазаны бойынша республикада салықтық қарызы бар 90 мыңнан астам шағын және орта бизнес субъектісі бар еді. Олардың салықтық қарызының жалпы сомасы 340,6 млрд теңге болған. Мұндағы негізгі қарыз – 210,4 млрд теңге, өсімпұл - 122,9 млрд теңге, айыппұл – 7,3 млрд теңге», - деді ол.
Комитет өкілі өз сөзінде биылғы салықтық рақымшылық жыл соңына дейін жалғасатынын еске салды.
«Бүгінге дейін «Шағын және орта бизнес үшін салықтық рақымшылық» бағдарламасына 40 391 салық төлеуші қосылды. Олар жалпы сомасы 7,8 млрд теңгелік негізгі қарызды өтеп, олардың 2,3 млрд теңгелік өсімпұлы мен 181 млн теңгелік айыппұлы сызылып тасталды», - деді Жандос Дүйсембиев.
Еске сала кетсек, Қазақстанда салықтық рақымшылық басталатыны осы жылдың басында хабарланған еді. Ол бойынша, 2018 жылдың 1 қазанына дейін жинақталған қарыздың келесі жылдың аяғына дейін төлеу керек. Сонда кәсіпкерлер барлық айыппұлдар мен өсімақылардан босатылады.
Салықтық рақымшылық шарасының бірінші тоқсандағы нәтижелері бойынша салық төлеушілерге 1 млрд теңге өсімпұлы кешірілген.

14 тамыз 2019 ж. 91 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области