Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қаңғыбас жігіт қалай миллионер атанғанын айтты

Қаңғыбас жігіт қалай миллионер атанғанын айтты

Kyzylorda-news.kz. Жас бизнесмен 4 жыл бұрын ғана көпірдің астында түнеп, тамағын әрең тауып жүрген, деп хабарлайды Sputniknews.kz.

Үйсіз-күйсіз жүріп, байып кеткен австралиялық жігіт жетістікке қалай жеткенін әңгімелеп берді.
Гарри Сандерс (Harry Sanders) 17 жасында баспанасыз қалады. Оның айтуынша, ең қиыны алғашқы түн болған, өйткені ол қайда барып, не істеу керектігін білмеді. Сандерс бастапқыда көпірдің астында ұйықтағанын еске алды.
"Бұл қауіпті еді, өйткені аумақ үйсіздердің арасында бөлініп қойған. Мен бұл туралы ештеңе білмедім және алғашқыда шытырман жағдайға жиі тап болдым", - дейді ол.
Жас жігіт бір жылдан астам уақытын далада өткізді. Ол ешқашан аш қалмағанын айтады.
"Әртүрлі мекемелерге барып, сатылмаған тауарлар қалды ма деп сұрайтынмын, көбісі маған қуана-қуана тамақ беретін", - деп еске алды ол.
Жас жігіт іздеу жүйесін оңтайландыру арқылы ақша таба бастады – ол мұны баспанасынан айырылмай тұрып үйренген екен. Фриланс (қашықтықтан жұмыс істеу – Sputnik) Сандерстің аяққа тұруына көмектесті. Қазір 21 жастағы кәсіпкердің бизнесі 1,5 миллион Австралия долларына (387,2 миллион теңге) бағаланып отыр. Шілдеде Сандерс Лондонда өз компаниясының кеңсесін ашты.
"Мен өз жетістігіме үйсіз-күйсіз жүруімнің арқасында жеттім", - деп санайды Сандерс.
Ол даладағы өмір оны есеюге мәжбүрлеп, қиындықтарға төзуге және қиын кездерде амал етуге үйреткеніне сенімді. Сонымен қатар, ол мақсатқа анағұрлым нық қадам басқан, өйткені ол сәтсіздікке ұрынуға болмайтынын түсінді.

14 тамыз 2019 ж. 18 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области