Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Облыс аумағында 192 шақырым жол жөнделеді

Облыс аумағында 192 шақырым жол жөнделеді

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласындағы автобус паркін жаңа қоғамдық көліктермен толықтыру мәселесі қаржылық мүмкіндікке қарай шешіледі. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Мұрат Тілеуімбетов айтты.

Бүгінгі күні қала ішінде 32 бағыт бойынша жолаушыларды 680 автобус тасымалдап жүр. Осыған дейін 120 қоғамдық көлік сатып алынды. Басқарма өкілі олардың қатарын толықтыру бюджеттің мүмкіндігіне байланысты екенін жеткізді.
Брифингте сапасы сын көтермейтін Қызылорда-Жезқазған жолының жайы да сөз болды.
«Екі аралықтағы жолдың 30 шақырымы ғана салынып, жұмыс тоқтап қалды. Мәселе Үкімет деңгейінде көтеріліп, оны шешу мүмкіндіктері қарастырылып жатыр. Жоспар бойынша жол құрылысы 2021-2022 жылдары жүргізілуі тиіс. Сол кезде жолаушы және жүк тасымалының сапасы жақсарады», – деді М.Тілеуімбетов.
Ал облыс аумағындағы жергілікті маңызы бар автомобиль жолдары мен елді мекен көшелерінің биыл 192 шақырымы жөнделеді. Қазалы ауданындағы «Әлсейіт», Қызылорда қаласындағы «Шіркейлі» көпірлері де осы жылы пайдалануға берілмек.
14 тамыз 2019 ж. 56 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области