Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Сырдария ауданында жаңа мешіт ашылды

Сырдария ауданында жаңа мешіт ашылды

Kyzylorda-news.kz. Қасиетті Құрбан айт мерекесінің соңғы күнінде Сырдария ауданына қарасты Ақжарма ауылында жаңа мешіт пайдалануға беріліп, ашылу салтанаты өтті.

Имандылық үйінің ашылу салтанатына алыс-жақын елді мекендерден келген жамағаттың қарасы қалың болды.
Тағылымды шарада "Нұр Отан" партиясы Сырдария аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Е.Жақып сөз сөйлеп, мешіттің ашылуымен құттықтады. Сонымен бірге, мешіт құрылысын өз қаражаты есебінен жүргізген "Ақжарма и К" серіктестігінің төрағасы Қ.Нұрсейітовке алғысын айтты.
Алла үйінің бой көтеруіне ықпал жасап, күш-жігерін аямаған серіктестік төрағасына ауыл тұрғындары мен қариялар да алғысын білдіріп, ақ батасын берді.
Ғимарат лентасын Сырдария ауданының «Құрметті азаматы» Ш.Сқақов бастаған азаматтар кесті.

14 тамыз 2019 ж. 124 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области