Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Енді Назарбаев мектебінің оқушылары неміс тілінде сөйлейді

Енді Назарбаев мектебінің оқушылары неміс тілінде сөйлейді

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебіне Германия елінен арнайы мұғалім келіп, оқушыларға неміс тілінен сабақ берді.

Өткен жылдан бастап Қызылордадағы Зияткерлік мектеп «SES-сарапшылар» жобасына белсенді қатысып келеді. Жаз айларында Германиядағы жетекші қоғамдық ұйым өзінің аға мамандарын білім ордасына жіберіп, 7-10-сынып оқушыларына арнайы тілдік курстарын өткізеді.
Биылғы оқу жылында қызылордалық өрендерге Германия, Ресей, Танзания, Эфиопия жерінде білім беру ұйымдарында неміс тілін оқытуда тәжірибесі мол Ангелика Нибоер есімді шетелдік сарапшы сабақ берді.
Дәрістер 7-10-сынып оқушыларынан құралған екі топта жүргізілді. Шетелдік мұғалімнің ерекше оқыту методикасы оқушылардың тілдік дағдыларын арттыруға бағытталды.
«Оқу жоспарда неміс тілінде еркін сөйлеу, оқу мен жазу грамматикасы негізінде құрастырылды. Бұл оқушылар неміс тілін небәрі бір жыл оқыса да, тілді меңгеру деңгейі жоғары деп толық айта аламын», – деді сарапшы.
Еске сала кетейік, өткен оқу жылынан бастап өңірдегі Зияткерлік мектепте екінші шет тілін оқыту жобасы қолға алынды. Оқушылардың сұранысына сәйкес мектептің оқу бағдарламасына неміс, қытай және кәріс тілдері енді.
«Екінші шет тілін меңгеру көптеген гранттық жобаларға қатысуға жол ашады. Сондай-ақ бірнеше тіл білгеніміздің арқасында болашақта әлемнің қалаған оқу орындарына түсуге мүмкіндігіміз бар», – дейді 10-сынып оқушысы Ксения Терзапуло.
«SES-сарапшылары» – бұл жоғары еңбек өтілі бар зейнет жасындағы білікті мамандардың басын қосқан Германиядағы жетекші қоғамдық ұйым. Аға сарапшылар қызметі түрлі шағын және орта кәсіпкерлікке, коммуналды қоғамдық бірлестіктерге, әлеуметтік-медициналық ұйымдарға және білім саласындағы мекемелерге көмек көрсетуге бағытталған.

14 тамыз 2019 ж. 103 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области