Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » 14 тамыз: Ел тарихында орын алған оқиғалар

14 тамыз: Ел тарихында орын алған оқиғалар

1992 жылы Қазақстан Республикасы мен Гана Республикасы арасында дипломатиялық қарым-қатынастар орнатылды. Гана - Қазақстанның Батыс Африкадағы маңызды серіктесі, ҚР үкіметі екі ел арасындағы қатынастарды нығайтуға күш салып келеді.
2005 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қырғыз астанасындағы Қазақстан елшілігінің жаңа ғимаратын ашты. Назарбаев Қырғызстанда Қазақстан Республикасының елшілігін ашу туралы Жарлыққа 1993 жылғы 9 қаңтарда қол қойған болатын.

2007 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Ғылым мен техника, әдебиет пен өнер саласындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыйлықтары туралы» Жарлыққа қол қойды.

2007 жылы Қызылорда облысы Сырдария ауданы О.Мәлібаев атындағы ауылы мектебінің алдында қызмет атқару кезінде қаза болған, полиция лейтенанты Талғат Қозыбаевқа арналған ескерткіш орнатылды. Оның есімі ауылдың бір көшесіне берілді.
Талғат Қозыбаев 1978 жылы дүниеге келген, 2003 жылы Тартоғай ауылының полиция учаскелік инспекторының қызметін атқарған. Қызметін атқару кезінде, бұзақылардан жас ауылдасын қорғап қаламын деп өзі қаза болды. Сол жылдың желтоқсан айында полиция лейтенанты Талғат Қозыбаев Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен екінші дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды.

2017 жылы Астанада «ЭКСПО-2017» Бүкіләлемдік халықаралық көрмесінің мәдени бағдарламасы аясында алғаш рет Еуразия музыка ойындары өтті.
Концертке Қазақстан, Ресей, Армения, Венгрия, Германия, Норвегия, Корея елдерінен музыканттар қатысты.
14 тамыз 2019 ж. 17 0
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области