Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Жаңақорған ауданының әкімі көп балалы аналарды қабылдады

Жаңақорған ауданының әкімі көп балалы аналарды қабылдады

Kyzylorda-news.kz. Жаңақорған ауданының әкімі Ғалым Әміреев көп балалы аналарды қабылдады. Олардың ұсыныс-пікірлерін тыңдап, аналардың әрқайсысымен жеке-жеке сөйлесті. Барлық көтерілген мәселе жедел түрде жүйелендіріліп, сала басшыларына тапсырма берді.

«Президент өзінің «Әлеуметтік қамқорлық» кешенді шарасында әлеуметтік осал топқа айрықша мүмкіндіктер қарастыруды жария еткен болатын. Мемлекет басшысының ұтымды саясатының нәтижесінде тұрмысы тұралаған отбасыларға қолдау шаралары тұрақты жүзеге асырылуда, – деді Ғалым Әміреев.
Сондай-ақ қоғамдық қабылдау барысында атаулы әлеуметтік көмек алушылар тарапынан «Қазпошта» ғимаратында ұзын-сонар кезектілікті болдырмау жолын кеңесті. Бұл мәселеге қатысты аудан әкімі «Қазпошта» АҚ Жаңақорған аудандық пошта торабы өкілі С.Ибрагимовке кезектілікті болдырмаудың алдын алу үшін ауылдық округтен келетін тұрғындардың жәрдемақысы мен атаулы әлеуметтік көмек қаржысын елдімекендегі пошта бөлімшелері арқылы тарату жолын қарастыруды жүктеді.
Оған қоса, кент әкімшілігінде жер кезегінде 2013 жылдан бері тұрған 5000-ға жуық өтініш берушінің мәселесі көтерілді. Әкім шабандап қалған жер кезегін шешу жолы ретінде «Саяжай-2» мөлтек ауданын ашу бағытында заң аясында жеделдету жұмысын сала басшысы Н.Қарақожаевқа тапсырды.
Қоғамдық қабылдау барысында әкім 30 ананы қабылдап, мәселелері бойынша оңтайлы шешімін табуға жұмыс жасайтынын жеткізді.
13 тамыз 2019 ж. 70 0
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области