Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Жер телімдерін мақсатты пайдалануы керек

Жер телімдерін мақсатты пайдалануы керек

Kyzylorda-news.kz. Өңірлік коммуникациялар орталығында Қызылорда облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы басшысының орынбасары Қанатбек Серікбаевтың қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті.

Аймақта жердің пайдаланылуы мен қорғалуына қатысты «Бағдаржол», «Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің ұтымды пайдаланудың ведомствоаралық әрекеттестігі» іс-шарасы бекітілген. Аталған шараларға сай 2019 жылдың І жартыжылдығында ҚР жер заңдылықтарының сақталуына жүргізілген 251 бақылау шараларының нәтижесінде 221 заң бұзушылық деректері анықталған.
«Орын алған құқық бұзушылықтардың 17 дерек бойынша 1926,875 мың теңге көлемінде айыппұл, 24 дерек бойынша ескерту түріндегі әкімшілік жазалар қолданылды. Сондай-ақ, 180 дерек бойынша заң бұзушылықты жою туралы нұсқамалары берілді. Салынған айыппұл сомасының 1557,125 мың теңгесі мемлекетке өндірілді. Бұл 80 пайыздан жоғары нәтижені көрсетеді. Қалған 369,75 мың теңге айыппұл сомаларын өндіру бағытында тиісті шаралар атқарылуда», - дейді Қанатбек Серікбаев.
Брифинг барысында Қанатбек Серікбаев жалға беру шарттарын біржақты бұзу арқылы және түсіндіру жұмыстарын жүргізу нәтижесінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы көлемі 9965 гектарды құрайтын 38 жер учаскесі мемлекет меншігіне, сот шешімімен мәжбүрлі түрде көлемі 88 гектар болатын 1 жер учаскесі мемлекетке қайтарылғанын жеткізді.
13 тамыз 2019 ж. 75 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области