Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Гүлнұр Оразымбетова фонограммаға қатысты шектеуге қарсы шықты

Гүлнұр Оразымбетова фонограммаға қатысты шектеуге қарсы шықты

Kyzylorda-news.kz. Гүлнұр Оразымбетова министрліктің шешімі туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Танымал әнші министрлік тарапынан фонограмманы алып тастау туралы айтылған ұсынысқа пікір білдірді. Ол үшін арнайы көркемдік кеңес құрылуы керек дейді ол. Алайда Гүлнұр Оразымбетова жеңіл әндер халықтың сұранысы бойынша өмірге келіп жатқанын айтты.
"Арнайы көркемдік кеңес құрылып, мемлекет тарапынан, өнерге қатысы бар кісілердің тарапынан бақылау болса, ондай әндер өшеді ғой. Бірақ оларды да жоққа шығара алмайсың. Халыққа керек болып тұрады. Тез жатталады, тез ұмытылады. Себебі, оған ұқсас тағы бір ән шығады", - дейді Гүлнұр Оразымбетова.
Сонымен қатар, өнер иесі әркім өзінің шамасына қарай әрекет жасайды деп біледі. Оған қандайда бір шектеу жасауға болмайды дейді. Осылайша Гүлнұр Оразымбетова әр өмірге келген әнді дұрыс қабылдай алу керек екенін айтты.
"Әр әнші өзінің мүмкіндігінше жұмыс істейді. Оған шектеу қоюға ешкімнің құқығы жоқ. Сондықтан жасалған дүние жасала берсін. Оған керісінше қуану керек", - дейді Гүлнұр Оразымбетова.
12 тамыз 2019 ж. 70 0
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области