Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Көлік және құрылыс саласы қызметкерлері марапат төрінен көрінді

Көлік және құрылыс саласы қызметкерлері марапат төрінен көрінді

Kyzylorda-news.kz. Көлік қызметкерлерінің және құрылысшылар күні мерекесіне орай бүгін Жалағаш ауданының әкімі Қайратбек Сәрсенбаев сала ардагерлерін және көлік, құрылыс саласында еңбек ететін бірқатар сала мамандарын атаулы мерекемен құттықтап, марапаттады.

«Қазіргі таңда ауданда 45,0 млрд. теңгенің жобалары іске асырылса, оның 29,0 млрд-ы биылғы жылы игерілуде. Бұл қаржының негізгі бөлігі 19,0 млрд теңгесі – күн сәулесінен 30 МВт энергия өндіретін электр станция құрылысына тиесілі. Бұл жоба жүзеге асқанда 18 адам тұрақты жұмыспен қамтылып, бюджетке жыл сайын 150 млн. теңге қаржы түсетін болады. Биылға шешімін тапқан құны 4,0 млрд-тық аудандық аурухана құрылысы мен аудан орталығына газ кіргізу жобасын қаржыландырудың шешілуі аудан халқын зор қуанышқа бөледі», - деді аудан әкімі құттықтау сөзінде.
Шара барысында бірқатар сала ардагерлері және қызметкерлер «Қызылорда облысы көлік саласының 80 жылдығына» арналған мерекелік медальмен, облыс, аудан әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды.
Айта кету керек, соңғы жылдары аудан көлемінде жаңадан салынған тұрғын үй саны артып келеді. Үстіміздегі жылдың 7 айында аудан бойынша жалпы көлемі 5 885 шаршы метр тұрғын үйлер пайдалануға беріліп, былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 8 пайызға артып отыр.
Сонымен қатар, апаттық жағдайда тұрған М.Шәменов ауылындағы №34 мектеп құрылысы да басталды. Аудан орталығындағы Абай, Бұқарбай, Нысанбай жырау көшелеріне биыл 522,0 млн теңге бөлінді, 1-2 айда жұмыстар аяқталады деп күтілуде. Алдағы уақытта республикалық «Ауыл-ел бесігі» жобасы аясында кенттің 5 көшесіне, атап айтқанда Ы.Алтынсарин, Т.Жүргенов, Конституция, І.Қабылов, С.Қалыбаев және Н.Мырзалиев көшелеріне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады.
Аққыр, Мақпалкөл, Жаңадария, Жаңақоныс, Далдабай елді мекендерінде 1,2 млрд теңгеге ауыз су жүйесінің құрылысы жүруде, оның 3-уі биылғы жылы аяқталса, 2-уі келесі жылы аяқталады.

09 тамыз 2019 ж. 17 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области