Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ТУҒАН ЖЕРГЕ ТАҒЗЫМ ЕТУ – АЗАМАТТЫҢ ПАРЫЗЫ

ТУҒАН ЖЕРГЕ ТАҒЗЫМ ЕТУ – АЗАМАТТЫҢ ПАРЫЗЫ


    Елбасы «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында Отанға деген сүйіспеншілік алдымен туған жерге деген сүйіспеншіліктен басталатынын, елім деген әр азаматтың өз туып-өскен өңірді өркендетуге үлес қосуы керектігі айтылған. Осы мақалаға орай жүзеге аса бастаған «Туған жер» бағдарламасы шеңберіндегі «Туған жерге тағзым» акциясы елжандылықтың тамыры кіндік қаны тамған жерді, туып-өскен өлкені сүю, оған құрмет таныта білуге шақырады.  
    Осындай шара Шиелі ауданында да өткізілді. «Туған жерге тағзым – перзенттік парызым» атты акцияға академик Асқар Жұмаділдаев, Қазақстан Жазушылар одағы Қызылорда облыстық филиалының төрайымы, ақын, жазушы Қаршыға Есімсейітова, белгілі кәсіпкер Бегман Қауасұлы, айтыскер ақын Мейірбек  Сұлтанхан қатысты.
    Шараға қатысқан кәсіпкер азаматтар туған ауылын түлетуге үлес қосатынын айтып, аудан, кент және ауылдық округ әкімдерімен меморандумға отырды.
    Аудан әкімі Әшім Оразбекұлы «Туған жерге - тағзым» акциясын барынша қолдап, туған топырағына қамқорлық танытып, қайырымдылық көрсеткен азаматтарға алғысын білдірді.





15 желтоқсан 2017 ж. 509 0
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области