Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті

Ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті

Kyzylorda-news.kz. Арал ауданының әкімі Мұхтар Оразбаевтың төрағалығымен құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысы өтті.

Жиынға комиссия мүшелері, қала, кент, ауылдық округ әкімдері, аудандық дербес бөлім басшылары, Арал қаласындағы мемлекеттік орган басшылары, БАҚ өкілдері қатысты.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе сотталған және жазасын мерзімінен бұрын өтеп келген азаматтарды әлеуметтік бейімдеу шараларының барысы туралы аудандық пробация қызметі бастығының міндетін атқарушы Самал Насырова баяндады.
Сонымен қатар, пробация есебіндегі азаматтардың жұмыспен қамтылуы жөнінде аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Тоғысова Ғалия хабарлады.
Есірткі бизнесіне қарсы күресте мүдделі органдармен атқарылып жатқан шаралар мен алға қойылатын міндеттер туралы аудандық полиция бөлімінің бастығы Нұрбол Әбдіразақ баяндама жасады.
Аудан басшысы сотты болған азаматтардың әлеуметтік-құқықтық көмектерді дұрыс пайдалануына көмек жасау, жұмыспен қамту, қайта даярлау, несие алып кәсібін ашу, түрлі гранттық қаржыландыруларға қол жеткізуіне ықпал жасау бағытында жұмыстарды жандандыру қажет екендігін атап өтті.
09 тамыз 2019 ж. 16 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области