Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада құрылыс саласы цифрландыруға көшті

Қызылордада құрылыс саласы цифрландыруға көшті

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында құрылыс саласы цифрландыруға көшті. Бұл туралы Қызылорда облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының басшысының міндетін атқарушы Марат Мырзабеков мәлімдеді.

«TexStroi-Smart» жобасы облыс көлеміндегі техникалық қадағалау сарапшыларына оңтайлы болып отыр. Біріншіден, жоба қадағалау сарапшыларына Қызылорда қаласына келмей-ақ, ай сайынғы есептерін басқармаға кез келген жерден электронды түрде жолдауына мүмкіндік жасалса, екіншіден, басқарма қызметкерлерінің кәсіпкерлік субъектілерімен тікелей қарым-қатынаста болу түріндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелі жойылды», - дейді М.Мырзабеков.
Құрылыс саласына енген тағы бір жоба - «Halyq Monitoring». Мамандардың айтуынша, жоба мемлекет тапсырысы бойынша салынып жатқан құрылыс нысандары туралы барлық арнайы сайтта орналастыру арқылы оған халықтың қолжетімділігін, ашықтығын қамтамасыз ету, құрылыстың сапасына қатысты тұрғындармен кері байланыс орнату жолымен орын алған бұзушылықтарды дер кезінде жоюға жағдай жасауды көздейді. Бұл өз кезегінде бақылау шараларының тиімділігін арттыруға, құрылыс жұмыстарының сапалы орындалуына жол ашады.
Айта кетейік, басқармамен көрсетілетін 5 түрлі мемлекеттік қызметтің 4-уі электронды жүйе «Е-лицензия» порталына көшіріліп, тұрғындарға 299 қызмет көрсетілген. Оның 125-і сарапшылық қызметке аттестаттауға, 174-і лицензиялауға бағытталған.
08 тамыз 2019 ж. 17 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области