Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Балаларды қате оқулықпен қатеге үйретіп жатырмыз – Асхат Аймағамбетов

Балаларды қате оқулықпен қатеге үйретіп жатырмыз – Асхат Аймағамбетов

Kyzylorda-news.kz. ҚР Білім және ғылым министрі оқулықтардағы қателерді талдап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Орыс әдебиеті» оқулығын парақтап көрейік. Қарапайым қателер. Физикадан да солай. Есептің көрсетілген жауабы теріс. Мысалы, мұнда 0,24 деп көрсетілген. Ал есепті дұрыс шешсеңіз 0,27 деген сан шығуы керек. География оқулығы да сондай. Карталар бойынша қателіктер бар. Ағылшын тілі оқулығында аударма мағынасы өзгеріп кеткен. Мәтінді мағынасына қарамай сөзбе-сөз аудару көп кездеседі. Балалар сол қателік бойынша қатеге үйреніп жатыр деген сөз», - деді ведомство басшысы.
Министр орыс тілінен қазақшаға аударылған оқулықтардың сапасын да сынға алды.
«Мұндайға жол берілмеуі керек. Балаларымыз осындай аудармалармен оқуға мәжбүр. Жыл сайын бір қателік қайталанып келеді. Бір басқан шоқты қайта айналып басамыз. Қашан бітеді бұл? Оқулықты асығыс дайындау деген жүйелі проблемаға айналды», - деді Асхат Аймағамбетов.
Кеңес барысында министр елімізде оқулықтың бағасы қымбат екенін мойындады.
08 тамыз 2019 ж. 101 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области