Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Сырдариялық кәсіпкер алдағы уақытта ветеринарлық емхана ашуды көздейді

Сырдариялық кәсіпкер алдағы уақытта ветеринарлық емхана ашуды көздейді

Kyzylorda-news.kz. Өткен жылы «Үздік жас кәсіпкер» номинациясын иеленген сырдариялық Дана Ашабаева Тереңөзек кентінен заманауи ветеринарлық дәріхана ашты.

Жергілікті халық үй жануарларына қажетті дәрі-дәрмекті алу үшін облыс орталығына келіп әуреге түспейді. Енді олар жануарларға керекті заттар мен дәрі-дәрмекті өз ауылдарынан таба алады.
«Мен осы ісімді ашу үшін қайтарымсыз негізде «Микробизнес» бағдарламасы арқылы 1 млн теңгенің сертификатын алдым. Кәсібіме деген сұраныс жоғары. Халық үй жануарларына, қорадағы малға қажет емдік дәрі-дәрімекті тұрақты түрде алып тұрады. Келешекте тағы бір жаңа ветеринарлық дәріхана мен емхана ашуды көздеймін», - дейді Дана Ашабаева.
Кәсіпкер ветеринарлық дәріханада емдік дәрілердің сипаттамасы мен ерекшеліктері туралы халыққа кеңес береді. Бұл өз кезегінде үй жағдайындағы мал, жан-жануарлардың ауруын алдын алып, жарақаттанып қалмауына септігін тигізеді.
Айта кету керек, Сырдария ауданында «Микробизнес-Қызылорда» бағдарламасы бойынша құны 133 млн теңгенің 37 жобасы қаржыландырылған.
08 тамыз 2019 ж. 21 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области