Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада белгіленген орындардан басқа жерлерде құрбандық шалуға тыйым салынады

Қызылордада белгіленген орындардан басқа жерлерде құрбандық шалуға тыйым салынады

Kyzylorda-news.kz. Қызылордада 11 тамызда басталатын Құрбан айт мерекесіне орай құрбандық шалуға арналған орындар белгілі болды. Бұл туралы қалалық ауыл шаруашылығы бөлімі жариялады.

«Қызылорда қаласы әкімдігінің қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті сақтау мақсатында белгіленген орындардан басқа жерлерде құрбандық шалуға және мал сатуға тыйым салынатынын ескертеді. Құрбандыққа шалынатын малдардың ветеринариялық анықтамалары (форма №1) болуы шарт», - делінген хабарламада.
Қызылорда қаласындағы мешіттерде қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің әр мешітке бекітілген ветеринар мамандардың бақылауымен сойылуға және кенттер мен ауылдық округтерде құрбандық шалатын малдарды жергілікті ветеринариялық пункттердің ветеринар дәрігерлердің бақылауымен сойылуға міндетті.
Сонымен қатар, қалалық ауыл шаруашылығы бөлімі тұрғындар заң талаптарын сақтамаған жағдайда жауапкершілікке тартылатындығын ескертті.
ҚР «Ветеринария туралы» Заңның 25 бабтың 11) тармақшасына сәйкес, соятын малды үй жағдайында союға және союдың алдында ветеринариялық тексеру жүргiзбей жануарларды өткiзу үшiн союға және сойғаннан кейiн ұшалары мен мүшелерiне ветеринариялық-санитариялық сараптама жасамай өткiзуге жол бермейді. Ережеге бағынбаған жағдайда ӘҚБК 204 бабына және 406 бабына сәйкес, ескерту жасалып, 5 –ден 25 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.

Құрбандық шалуға рұқсат етілген орындардың тізімі.
1. "Ақмешіт-Сырдария" мешіті (Сұлтан Бейбарыс көшесі, №16)
2. "Айтбай" мешіті (Сәтбаевкөшесі, №18 )
3. "Нұр" мешіті (Әбілхайыр ханкөшесі, №46),
4. "Хазіреті Әли" мешіті (С. Торайғыров көшесі №73)
5. "Ыбырайым молда" мешіті (Шәкәрім мен Б. Момышұлы көшелерінің қиылысы (Шанхай));
6. "Мүсірәлі Ата" мешіті (Саламатов көшесі нөмерсіз)
7. "Төлен Ата" мешіті (КБИ мөлтек ауданы, Ақмаржан 12/27 үй)
8. "Мүбәрәк" мешіті (Титов қыстағы, жаңа құрылыс 3/21 үй)
9. "Құддыс ишан" мешіті (Тасбөгет кенті, Есенов көшесі №32)
10. "Қалмұхаммед ишан" мешіті (Белкөл кенті, Әбдіқадіров көшесі н/з)
11. "Алдажар жәме" мешіті (Қызылжарма ауылдық округі, Ұстабаев көшесі н/з)
12. "Рахматулла" мешіті (Ақжарма ауылдық округі, Қасымов көшесі н/з)
13. "Ерназар мақсұм" мешіті (Талсуат ауылдық округі, А. Құнанбаев көшесі №56)
14. "Ақмолда" мешіті (Қосшыңырау ауылдық округі, Маханбетов көшесі н/з)
15. "Қараөзек" мешіті (Қызылөзек ауылдық округі, Аблай хан көшесі №52)
16. "Әлі Арыстан" мешіті (Ақсуат ауылдық округі, А. Найзағараев көшесі №3)
17. "Сұлтан" мешіті (Қызылорда қаласы, Училище көшесі)
18. "Қарауылтөбе" мешіті (Қарауылтөбе ауылдық округі, Амангелді көшесінің тұйығы нөмірсіз)

Мал сататын орындар
Қызылорда қаласы «Бұлан» ЖШС мал базары.

Мал соятын орындар
«Нұржан» мал сою алаңы (Бейбітшілік көшесі).
«Смағұл» мал сою пункті (Жаппасбай батыр көшеі).
«Ақбарыс» мал сою пункті (Белкөлге баратын жол бойында).
«Саламат-Агро» мал сою пункті (Эдельвейс саяжайы).
«Нұрболат» мал сою алаңы (Белкөл кенті).
07 тамыз 2019 ж. 56 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области