Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Жұлдыздар не дейді?

Жұлдыздар не дейді?

Kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігінің 11 тамызға арналған жұлдыз-жорамалы.

Тоқты
Мінез-құлқыңызды айналаңыздағылар түсінбеуі мүмкін. Сондықтан қиялыңызды шарықтатпай, әрекеттеріңізге мән беріңіз. Өміріңізде оң өзгерістер әкелетін кездесу болуы әбден мүмкін.

Торпақ
Бүгін көңіл-күйіңіз көтеріңкі болады. Бәсекелестермен күресіп, мансабыңыздың өскенін қаласаңыз немесе ұнатқан адамның жүрегін жаулағыңыз келсе, бүгін сәтті күн. Өміріңіздің көптеген саласында жетістіктерге жетесіз.

Егіздер
Бүгін жеке басыңызға қатысты мәселелерді шешуге тура келеді. Сүйіктіңіз болса, оның ықыласының жетіспеушілігін сезінесіз. Осы мәселені тезірек шешуге тырысыңыз. Өзіңізді сауда-саттықпен алдап, көңіліңізді басқа нәрсеге бөліңіз.

Шаян
Тым қызғанышақ болмаңыз. Өз жетістіктеріңізді өзгелермен салыстырмаңыз. Сіздің күш-қуатыңыз көп нәрсені жүзеге асыруға көмектеседі. Мансабыңызға әсер ететін күрделі тапсырманы орындайсыз.

Арыстан
Бүгінгі күнді іскерлік кездесулермен өткізесіз. Жұмыс іздеп жүрген болсаңыз, достарыңызбен сөйлесіп көріңіз, бәлкім біреуі ұсыныс жасауы мүмкін. Жеке басыңызға қатысты мәселелерді кейінге қалдырыңыз.

Бикеш
Бұл күнді өте белсенді өткізе аласыз. Кәсіби тұрғыдан өте қолайлы күн болмақ. Сондай-ақ жарысқа қатысып жеңіске жете аласыз. Жеке басыңыздың мәселесін шешудің мүмкіндігі пайда болады. Кешті балаларыңызбен бірге өткізіңіз.

Таразы
Бүгін ерекше ештеңе болмайды. Күнді күйбең тіршілік пен тұрмыстық мәселелер және қаржы тапшылығын шешумен өткізесіз. Мәселелерді шешуде отбасыңыз бен достарыңыздың көмегіне жүгінуге болатынын естен шығармаңыз.

Сарышаян
Бүгін отбасыңызбен қаржыға байланысты көптеген қиындықтар туындайды. Сондай-ақ мәселелеріңізді шешуге көмектесетін беделді тұлғамен танысуыңыз мүмкін.

Мерген
Бүгін сізді сәттілік күтіп тұр. Басшылық идеяларыңызды қолдауы әбден мүмкін. Жеке өміріңізде де жақсы өзгерістер орын алуы ықтимал. Бірақ көңіл-күйіңіз тұрақсыз болады. Сезімдеріңізді құрсауда ұстап, кешті тынығуға арнаңыз.

Тауешкі
Бүгін бірнеше үлкен жетістікке қол жеткізуіңіз мүмкін. Кәсіпкерлікпен айналыссаңыз, жаңа белестерді бағындырасыз. Жеке өміріңізде де айтарлықтай өзгерістер орын алады.

Суқұйғыш
Жаңа идеяларыңызды жүзеге асыруды басқа күнге қалдырыңыз. Әйтпесе көптеген кедергілерге тап боласыз. Негізгі тосқауыл күшіңіздің сарқылуы немесе қорыңыздың тапшылығы болуы мүмкін.

Балықтар
Бүгін арманыңызға жетуге ұмтыласыз. Сіздің жайдары мінезіңіз айналаңыздағыларға да әсер ететін болады. Салы суға кетіп жүрген жандардың өзі сіздің қасыңызда өзін көтеріңкі көңіл-күйде сезінеді.
11 тамыз 2019 ж. 95 0

Ұқсас жаңалықтар:

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области