Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Жұлдыздар не дейді?

Жұлдыздар не дейді?

Kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігінің 10 тамызға арналған жұлдыз-жорамалы.
Тоқты
Таныс емес жандарға сенім артудың қажеті жоқ. Достарыңызға немесе алыс туыстарыңызға қатысты жағымды жаңалық сізді қуантады. Отбасылық мерекелер жоғары дәрежеде өтеді.

Торпақ
Өзгелердің ісіне бас ауыртпаңыз. Тек өз мәселеңізді ғана шешіңіз. Қасыңызға көмекшілерді тарта біліңіз. Жаңадан серіктестер табу болашағыңызды жарқын етпек. Бүгін қалтаңыз қалыңдайды.

Егіздер
Сіз үшін қымбат жанмен сырласу немесе жай әңгімелесу кезінде абай болыңыз. Кейбір жайттарды ашық айтамын деп, ол адаммен қарым-қатынасыңызды үзіп алмаңыз.

Шаян
Түске дейінгі уақытта белсенді болыңыз. Өйткені бұл уақытта біраз оң нәтижелерге қол жеткізуге болады. Тек өз күш-жігеріңізге сеніңіз. Шын ниетімен көмектескісі келетін жандардың өзі сізді сәтсіздікке ұшыратуы мүмкін.

Арыстан
Бүгінгі күн сіз ойлағандай оңай болмайды. Шешілмеген мәселе көбейе береді. Оларды шешу үшін жан-жақты болуыңыз қажет. Бір сөзбен айтқанда, бұл жолы өзіңіз әрекет етуіңіз қажет.

Бикеш
Өз-өзіңізбен іс бастауға керемет күн. Сенімді көмекшілеріңіздің өзі жұмысыңызды қиындатып, ақылға қонымсыз ойларын айтуы мүмкін. Одан да өз идеяларыңызды тезірек жүзеге асырыңыз.

Таразы
Нақты шешім қабылдай біліңіз. Осылайша айналаңыздағы адамдарға өзіңіздің мықты екендігіңізді дәлелдеңіз. Бүгін жаңа таныстықтар орын алуы мүмкін. Қиын жағдайларда ашуға берілмеңіз.

Сарышаян
Күніңіз жабырқаулы өтеді. Ең бастысы ешқандай мәселе туындамайды. Бұрын бастаған жұмыстарыңызды алаңсыз бітіре беріңіз. Бұл күні сіз өзгелердің мәселесін шешуге көмектесіп, оларға жөн сілтейсіз.

Мерген
Тапқырлығыңыз бен ақыл-парасатыңыз өз ұстанымдарыңызда қалуға көмектеседі. Кейде өзіңізге тым сенімді боласыз. «Сақтықта қорлық жоқ» дегенді естен шығармағаныңыз абзал.

Тауешкі
Белсенділігіңіз жұмысыңызға оң әсерін береді. Соның арқасында үлкен жетістікке жетесіз. Бүгін қиын тапсырмаларды ешкімнің көмегінсіз атқара аласыз. Егер шығармашылық бағыттағы жан болсаңыз сізге еркіндік қажет.

Суқұйғыш
Жеке өміріңізде қатал болмаңыз. Кешірімшіл болыңыз. Әр істен мін іздегенді қойыңыз. Өзіңізге қымбат жандарды қуанта біліңіз, бұл ісіңіз өзіңіздің де көңіл-күйіңізді көтереді.

Балықтар
Басқа адамның жұмысы сізге жүктеледі. Түске дейінгі уақытты осы жұмысқа арнайсыз. Тек түстен кейін ғана өз жоспарларыңызға уақыт табасыз. Ал кешке қарай серуенге шығыңыз немесе үйге қонақ шақырыңыз.
10 тамыз 2019 ж. 19 0

Ұқсас жаңалықтар:

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области