Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Мемлекеттік қызметте тұрақтылық сақталуда

Мемлекеттік қызметте тұрақтылық сақталуда

Kyzylorda-news.kz. Ұлт жоспарының алғашқы он бес қадамының әрқайсысы мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыруды бағытталған. Мемлекеттік аппаратты кәсібилендіру бағытында Қызылорда облысында жүйелі жұмыстар атқарылуда.

«Бүгінде облыста 3566 мемлекеттік қызметші жұмыс жасайды. 2016-2020 жылдарға арналған Қызылорда облысының даму бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес биыл мемлекеттік қызметшілер санының таза ауысушылығы 6,1 пайыздан аспауы тиіс. Статистикалық мәліметке сәйкес, 2016 жылдың 6 айында таза ауысымдылық көрсеткіші 121 қызметшіге, яғни штат санының 3,2% тең болған. 2017 жылдың бірінші жартыжылдығында мемлекеттік органдарда 83 мемлекеттік қызметші немесе штат санының 2,2% мемлекеттік қызметтен кеткен. Ал, 2018 жылдың осы кезеңінде 48 (1,2%) мемлекеттік қызметші өз өтінішіне сәйкес босатылған», - дейді Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің бас маманы Мақпал Абтикерова.
Ал биыл жыл басынан бастап облыстағы барлық мемлекеттік органдағы 54 мемлекеттік қызметші өз өтінішіне сәйкес мемлекеттік қызметтен кеткен. Бұл аймақтағы мемлекеттік қызметшілердің 1,4% тең болып отыр. Оның ішінде: жеке секторға кетуіне байланысты - 6, квазимемлекеттік секторға - 3, басқа да себептерге байланысты - 45.
«Мемлекеттік қызметшілердің материалдық жағдайын жақсартумен қатар, кадрларды сақтап қалу шарттарының бірі – қызметкерлерді үздіксіз кәсібилендіру болып табылады. Мемлекеттік қызметшілерді кәсібилендірудің ажырамас бөлігі ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы және оның филиалдары базасында даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру жүйесі болып қалуда. Ағымдағы жылы оқытуға жататын 601 қызметшінің бүгінде 319-ы (53%) қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстарынан өтті» - дейді Мақпал Абтикерова.
Осылайша, бүгінгі күні өңірдің мемлекеттік қызмет саласы тұрақтылық пен ауысымдылықтың төмен деңгейімен ерекшеленеді.
06 тамыз 2019 ж. 262 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области