Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Жаңақорғанда арыстық балалар алаңсыз демалуда

Жаңақорғанда арыстық балалар алаңсыз демалуда

Kyzylorda-news.kz. Жаңақорған ауданындағы «Талдысу» тынығу лагерінде барлығы 320 балаға арналған 4 корпус бар. Әрқайсысына 80 баладан жайғасқан. Балалардың тәрбиесін бақылау мақсатында 1 аға тәлімгер, 8 тәрбиеші бар.

Сондай-ақ, музыкаға бағыттайтын сүйемелдеуші, дене тәрбиесінің маманы, суда жүзуге нұсқаушы, балалар оқыстан ауырып қалған жағдайда тиісті ем-дом жасайтын медбикелер мен стамотолог та бар. Күнделікті 5 мезгіл ыстық тамақпен қамтамасыз ету жолға қойылған. Тынығу жайында бүгінгі таңда Арыстан 150 бала, Жалағаштан 40, Қармақшыдан 150, Жаңақорғаннан 30 бала демалуда.
«Біз 150 бала болып, жетекшімізбен бірге Арыстан келдік. Лагерьге келе салып, бассейнге шомылып, футбол ойнап, жаңа достар тауып жатырмыз. Барлығымен тез тіл табысып, уақытты тиімді өткізудеміз. Сосын Жаңақорғанның табиғаты Арысқа ұқсайды екен. Салқын ауа, жасыл желек, таулы мекен. Адамдары да жайдарлы мінезді, бауырмал. Бізге осындай жолдама беріп, тынығуымыз үшін жағдай жасаған сіздей басшыға шын жүректен алғыс айтамыз», – деді арыстық Аянат Жарылқасын.
06 тамыз 2019 ж. 23 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области