Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » "Протон-М" зымыран тасығышы Байқоңырдан ұшырылды

"Протон-М" зымыран тасығышы Байқоңырдан ұшырылды

Kyzylorda-news.kz. Әскери спутник тіркелген "Протон-М" зымыран тасығышы Байқоңырдан ұшырылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

6 тамыз күні Мәскеу уақытымен 00.56-да "Протон-М" зымыран тасығышы Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшырылған.
"Байқоңыр ғарыш айлағынан (Қазақстан Республикасы) Ресей қорғаныс министрлігінің ғарыш аппараты тіркелген "Протон-М" зымыран тасығышы сәтті ұшырылды", - делінген министрліктің хабарламасында.
"Бриз-М" жылдамдық блогы мен спутник орнатылған зымыранның бас жағы үшінші сатыдан сәтті бөлініп шықты. Министрлік атап өткендей, жылдамдық блогы спутникті бірнеше сағатта есептік орбитаға шығарады.
Бұған дейін штаб басшысы, Ресейдің Әуе-ғарыштық күштері ғарыш әскерлері қолбасшысының орынбасары Игорь Морозов "Эхо Москвы" радиосының эфирінде айтқандай, Ресейдің әскери спутнигі Байқоңыр ғарыш айлағынан соңғы рет 2019 жылы ұшырылады, содан соң Ресей қорғаныс министрлігінің барлық ғарыш аппаратын ұшыру Архангельск облысындағы Плесецк ғарыш айлағында жүзеге асырылмақ.

06 тамыз 2019 ж. 101 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области