Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Биыл магистратураның 13 мың грантына 30 мың үміткер таласады

Биыл магистратураның 13 мың грантына 30 мың үміткер таласады

Kyzylorda-news.kz. Биыл магистратура грантының иегерлері кешенді тестілеу арқылы анықталады. Тестілеу барысын қоғамдық ұйым өкілдері онлайн режімде бақылай алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде магистратура және кәсіби-техникалық білім беру гранттарына үміткер қабылдау рәсімдерінің ашықтығын қамтамасыз ету бойынша семинар өтті. Агенттіктің Парасаттылық департаментінің директоры Данияр Сабырбаев биылғы ҰБТ тестілеу жүйесі әлі толық жетілмегенін көрсетіп бергенін айта келіп, магистратура емтиханында сол кемшіліктердің қайталанбауына күш салынатынын атады.
«20-30 шілдеде ҰБТ өткенін білесіздер. Тест тапсырған 110 мың түлектен жалпы саны 90 мың ұялы телефон, 28 мың калькулятор, 2000 шпаргалка алынды. Мұндай бассыздық болашақта кері әсерін беруі мүмкін. Сондықтан, осыған ұқсас жайттардың жолын уақтылы кесіп отыру қажет. Биыл тестілеу процесін бақылау комиссиясының мүшелері де тәртіп бұзған фактілер тіркелді. Бірқатар өңірлерде лауазымды тұлғалар жемқорлық бойынша ұсталды. Бұл айтылғанның бәрін білім беру жүйесіндегі жемқорлық тәуекелдердің нақты дәлелі деуге болады. Мұны қоғамдық ұйым өкілдерін қатыстыра отырып, азаматтық қауымдастықтың аралсуымен жоюға бет бұрдық», - деді агенттік өкілі.
Биыл осы мақсатта магистратураға үміткерлерді қабылдау форматы өзгертіліп отыр.
«Магистратураға грант бөлу процесінің әділдігі мен ашықтығын қамтамасыз ету үшін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ұсынысы бойынша емтихан тестілеу негізінде ұйымдастырылады. Кәсіби-техникалық білім беру орындарына қабылдау және магистратураға түсу емтихандарына агенттік жанындағы арнайы мониторинг тобының мүшелері мен «Адалдық алаңы» кеңселік жобасының өкілдері, қоғамдық ұйым мүшелері қатыстырылады. Олар емтиханға рұқсат етілмеген құралдарды алып кіру, үміткердің орнына басқа адам кіргізу сияқты заңсыздықтардың жолын кесетін болады. Агенттік грант бөлер кезде «ымырашылдардың» белсенділік танытуына жол бермейді. Қоғамдық ұйым өкілдері тестілеу процесін орналайн-режімде бақылайтын болады. Сол үшін барлық тестілеу орталықтарына бейнекамералар орнатылады», - деді Данияр Сабырбаев.
Оның айтуынша биыл магистратураға бөлінген 13 мың грантқа 30 мың адам үміткер ркөз тігіп отыр.
«Жоғарыда аталғалған бақылаушылардан бөлек ҚР Білім және ғылым министрлігінен 200-дей адам бақылаушы ретінде қатысады. Барлық өңірлердегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің өкілдерін жер-жердегі комиссиялардың жұмысын бақылауға алу керектігін ескерткім келеді. Дәл осындай жұмыс кәсіби-техникалық білім еру мекемелерінде де ұйымдастырылатын болады», - деді Данияр Сабырбаев.

05 тамыз 2019 ж. 23 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области