Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылорда облысында биыл қанша оқушы мектепке барады?

Қызылорда облысында биыл қанша оқушы мектепке барады?

Kyzylorda-news.kz. Облыс бойынша алдағы жаңа 2019-2020 оқу жылында 293 мектепте 164 500 оқушы білім алады деп күтілуде. Оның ішінде, 1 сыныпқа 21600 оқушы барады деп жоспарлануда. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жаңа оқу жылына дайындық барысы туралы облыс әкімдігінің аппараттық мәжілісінде облыстық білім басқармасының басшысы Майра Мелдебекова баяндады.
"Үстіміздегі жылдың 1 маусымнан бастап 1 класқа қабылдау процесі автоматтандырылған жүйеге қосылды. Қазіргі таңда 1 сыныпқа қабылданатын балалардың мөлтекаудандар бойынша мектептерге орналастыру картасы дайын. Облыс бойынша алдағы жаңа 2019-2020 оқу жылында 293 мектепте 164 500 оқушы білім алады деп күтілуде. Оның ішінде, 1 класқа 21 600 оқушы келеді деп жоспарлануда. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 2200 оқушыға артық. Жаңартылған білім беру мазмұнына көшетін 4, 9, 10 сыныптарда білім алатын 36 920 оқушыны 684 мың дана оқулықтармен қамту үшін қажетті қаражат бөлінді. Бүгінгі күнге 15 баспамен келісім шарт жасалды. Оқулықтарды тасымалдау қызметі бойынша жеңімпаздары анықталды. Оқулықтар 25 тамызға дейін мектепке жеткізіледі", - деді М.Мелдебекова.
Қазіргі таңда Қызылорда қаласында 600 орындық мектептің құрылысы жүргізілуде, оны қазан айында тапсыру жоспарланып отыр. Сонымен қатар, 1450 орындық 3 жекеменшік мектептің құрылысы қыркүйек айында аяқталады деп күтілуде.
"Ауыл ел бесігі" бағдарламасы аясында Қармақшы ауданындағы №27, 30 және Жалағаш ауданындағы №201 мектептерге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, №288 мектепті ағымдағы жөндеуге қаражат бөлінді. Бүгінгі күнге жөндеу жұмыстарының 70% орындалды, 20 тамызға дейін толығымен аяқталады.

05 тамыз 2019 ж. 139 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области