Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылорда облысында 1 қыркүйектен бастап егін жинау науқаны басталады

Қызылорда облысында 1 қыркүйектен бастап егін жинау науқаны басталады

Kyzylorda-news.kz. Қызылордада күзгі егін жинауға дайындық мәселелері талқыланды, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметінен.

Облыс әкімдігінің аппарат мәжілісінде облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының м.а. Сейілбек Нұрымбетов күзгі егін жинауға дайындық барысы туралы баяндады.
"Ағымдағы жылы облыс бойынша 183,9 мың га ауыл шаруашылығы дақылдары агротехникалық шараларын сақтай отырып, оңтайлы мерзімінде орналасты. Оның ішінде дәндi дақылдар 96,9 мың га, майлы дақылдар 7 мың га, мал азықтық дақылдар 62,7 мың га, картоп, көкөнiс, бақша 17,2 мың га. Негізгі дақыл күрiштің көлемі 87,3 мың га. Ауыл шаруашылығы дақылдары өткен жылмен салыстырғанда 6,6 мың га артық егіліп отыр»,-деп хабарлады С.Нұрымбетов.
Бүгінгі күні 69,0 мың га күріш гербицидтермен, 66,9 мың га тыңайтқыштармен өңделді. Сонымен қатар, 1,3 мың га алқапта дәнді дақылдарды жинау жұмыстары толық аяқталды.
Облыс бойынша егілген 3,8 мың га күздік бидай дақылы толығымен жиналып, 9,7 мың тонна өнім алынса, (орта өнім гектарына 25,6 цн), жиналған 527 га жаздық арпадан барлығы 440,4 тн өнім (орта өнім гектарына 8,4 цн) және 58 га сұлыдан 40,6 тн өнім алынды (орта өнім гектарына 7,0 цн).
Аймақтың ауыл шаруашылығы құрылымдары күзгі егін жинау жұмыстарына дайындықты бастап кетті. Облыста алғашқы егінге орақ салу жұмыстары жекелеген шаруашылықтарда 20 тамыздан кейін, ал облыс бойынша 1 қыркүйектен бастау жоспарланып отыр.
05 тамыз 2019 ж. 113 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области