Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Облыс әкімі Талдысу лагерінің жұмысымен танысты

Облыс әкімі Талдысу лагерінің жұмысымен танысты

Kyzylorda-news.kz. Облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов аудандардағы іссапары аясында Жаңақорған ауданындағы Талдысу лагерінің жұмысымен танысып, балалармен кездесті.

Бүгінде облыстық олимпиадалар және қосымша білім беру орталығында 320 бала демалуда. Өткен аптада Арыс қаласынан келген 150 бала лагерьге тегін жолдама алды. Аймақ басшысы лагерьге қабылданған балалардың жағдайын біліп, арыстық балаларға сыйлық ұсынды.
Қазіргі кезде лагерьде оқушылар сарайы, көрме залы, кітапхана, оқу залы, «Ұлттық мәдени тәрбие орталығы, ойын алаңдары жұмыс істейді. Мұнан өзге балалар футбол, волейбол алаңында спорттық ойындар ойнай алады.
Жазғы каникул уақытын тиімді өткізуге келген оқушының бірі Олжас Әбдуәлі де табиғат аясындағы демалысты қызықты өткізіп жатқанын жеткізді.
- Менің лагерьге келгеніме бір аптадан асты. Мұнда өте қызықты. Жаңадан достар тауып, түрлі ойын ойнап, қызық күндер өткізудеміз. Алаңсыз ойын ойнап, көңілді кештер ұйымдастырып жатырмыз,-дейді Олжас Әбдуәлі.
Айта кету керек, бүгінде Қызылорда облысында 9 сауықтыру орталықтары мен демалыс лагерьлері жұмыс істейді.

05 тамыз 2019 ж. 22 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области