Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Сақ болыңыздар: Алаяқтықтың жаңа түрі шығыпты

Сақ болыңыздар: Алаяқтықтың жаңа түрі шығыпты

Kyzylorda-news.kz. Қазақстанда интернет желісі арқылы тараған алаятықтың жаңа түрі шықты. Бұл туралы Маңғыстау облысының Полиция департаменті хабарлаған.

«Крыша», «Колеса» және «ОЛХ» интернет сайттарынан сіздің хабарлама берген ұялы телефон нөмеріңізді алып, сізге қоңырау шалады. Сіздің берген хабарлама бойынша затыңызды сатып аламын деп, сізбен саудаласады. Ақшасын келіскесін, кайда аудару керек екенін сұрайды немесе бағасы үлкен сома болса, ешкімге сатпаңыз деп ақшаның алғашқы бөлігін (задаток) аударуға келіседі. Қандай банк екенін сұрап алады.
Алаяқ Сізбен сөйлесіп отырып, интернет желісінде Kaspi.kz қосымшасына кіріп Сіздің номерді тереді, сол жерден "құпия сөзді ұмытып қалу" (Забыли пароль) батырмасын басып, сіздің ұялы телефоныңызға "қалпына келтіру кодын"(код доступа) жібереді.
Алаяқ сізден ұялы телефоныңызды өшірмей сөйлесіп тұруыңызды өтінеді және аударып жіберген ақшаны растау үшін СМС-хабарлама арқылы келген құпия сөзді тездетіп айтып жіберуіңізді сұрайды. Осымен ол Сіздің Kaspi.kz қосымшасына кіріп, шотыңызға қол жеткізеді және де сіздің атыңыздан несие алып үлгереді.
Барлығы шапшаңдықпен және жаңылыстыру жолмен жасалады. Ақша аудармаға көмектесуге тырысамын деп адам асығыс болып, алаяққа сұрағанның бәрін айтады.
Яғни, алаяққа сіздің телефон нөміріңіз, банкіңіздің атауы керек және сізге келген СМС-коды.
Ары қарай сізбен байланыста болып, ақшаны (өз атыңызға алынған несиені) қателесіп сізге жібергенін айтып, сізден сол ақшаны басқа банк шотына немесе QIWI шотына салып жіберуіңізді өтінеді. Ал сізбен келіскен соманы қайтадан жіберіп жатқанын айтады. Ұялы телефонмен сөйлесіп болғаннан кейін ғана сіз өз атыңызға несие алынғанын білесіз.
Осы орайда мұндай алаяқтардан сақ болуға шақырамыз.
02 тамыз 2019 ж. 143 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области