Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қазақстанда алимент төлей алмай жүргендерге көмек берілмек

Қазақстанда алимент төлей алмай жүргендерге көмек берілмек

Kyzylorda-news.kz. Әділет министрі Марат Бекетаев алимент төлеушілерге арналған көмек қорын құру мәселесін көтерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қордың тұжырымы шет мемлекеттердің тәжірибесіне негізделіп отыр. Әлем елдерінің тәжірибелерін терең талдадық. Мәселен, Финляндияда өмірдің қиын кезеңіне тап болған (мысалы, ауырып қалған немесе жұмыстан шығып қалған) алимент төлеушілерге көмектесетін қор бар. Ол елде борышкерлер қордан ақша алып, берешегін өтеп, жағдайы жақсарғаннан кейін қайтадан қорды толтыруға міндеттелген», - деді Марат Бекетаев Әділет министрлігінде өткен дөңгелек үстелден кейін тілшілердің сұрағына жауап бере отырып.
Әділет министрлігінің сөзіне сүйенсек, Финляндиядағы аталмыш қор тек алимент төлеушілерге арналған. Қордың қаражаты басқа қажеттіліктерге жұмсалмайды.
«Біздің елімізде дәл сондай қор құру үшін жалпы қанша сомадағы алимент төленіп жатқанын, қандай санаттағы азаматтар қордан көмек ала алатынын – бәрін зерттеу керек. Қорды бірден құра салған жарамас», - деді ол.
Министр, сонымен бірге, әр азаматтың басындағы жағдай бойынша ерекшеліктерді ескеріп, алимент төлеушілердің дайын ақшаға үйреніп қалмауына да маңыз беру керектігін айтады.
«Бүгінгі кездесуде ҮЕҰ мүшелерінің бірі қорға байланысты тағы бір маңызды мәселені көтерді. Отбасындағы жағдайдың мән-жайын зерттеп алу керек. Яғни, ол ақша біреуге беріліп, екіншіге берілмеуі мүмкін. Алаяқтық жағдайлары да орын алуы ықтимал. Сол себепті осы мәселеге өте терең талдау жүргізіп келеміз. Пилоттық жоба бастау үшін біз Мәжіліс депутаттарымен бірге сот орындаушылардың мәртебесі туралы заңға өзгеріс енгізу бастамасын көтердік. Дәл қазір сот орындаушыларға «ақша жинаңдар» дей алмаймыз немесе бюджеттен ақша ала салу да жөн болмайды. Заңнамалық негіздеме керек. Пилоттық жобаны бастау үшін өзгерістер де қажет», - деді Марат Бекетаев.
Министр алдағы 3-5 жылда осындай қордың құрылуы әбден мүмкін екенін атап өтті.
«Уақыт бойынша параметрлерге асығыс болжам жасағым келмейді. Себебі, бәрі де экономикаға байланысты. Қажеттілікпен, қаражат көзімен айқындап алатын шаруалар жетерлік. Бұл шаруаға енді ғана жақындап келеміз», - деді Бекетаев.

02 тамыз 2019 ж. 111 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области