Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Биыл Құрбан айт қай күнге белгіленді?

Биыл Құрбан айт қай күнге белгіленді?

Kyzylorda-news.kz. 2019 жылы Құрбан айт мерекесі қай күнге белгіленгені мәлім болды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Биыл Құрбан айт тамыз айының 11-і күні басталады. Астрономиялық тұрғыдан Айдың тууы бейсенбі күніне, яғни 1 тамызға сәйкес келеді. Ал, 2 тамыз зулхиджа айының бірінші күні болып саналады.
Арапа күні 10 тамызға сәйкес келеді. Арапа - қажылар Арафа жотасында құлшылық ететін күн.
Қажылыққа бармаған мұсылмандар үшін арапа күні ауыз бекіту - мұстахап (жағымды) амал. Әбу Қатадан жеткен хадисте: "Арапа күнінің оразасы өткен және келер жылдардың күнәларына кәфәрат (кешірім) болады..." делінген.
Жағдайы бар мұсылманның құрбан шалуы - уəжіп (міндет). Құрбандыққа түйе, сиыр жəне қой (ешкі де) шалынады. Құрбандық малы айт намазынан кейін айттың үшінші күні күн батқанға дейін шалынады.
Құрбандық етін үшке бөліп таратуға болады. Бір бөлігі өзіне қалады, екінші бөлігі ағайын-туыс, көршілерге беріледі, үшінші бөлігі көмекке мұқтаж кісілерге таратылады.

02 тамыз 2019 ж. 209 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области