Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Ақмарал Әлназарова Арал аудандық партия филиалында аудан тұрғындарын қабылдады

Ақмарал Әлназарова Арал аудандық партия филиалында аудан тұрғындарын қабылдады

Kyzylorda-news.kz. Бүгін "Nur Otan" партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ақмарал Әлназарова Арал аудандық партия филиалында аудан тұрғындарын қабылдап, өтініш тілектерін тыңдады.

Ең алдымен «Ұшқын» қоғамдық ұйымының өкілі Абзал Меңдияров екі қала тұрғынын ақылы қоғамдық жұмыспен қамтуды сұраған болатын және тиесілі сала басшысы өз кезегінде шешімін табатынын жеткізді. Одан кейін қала тұрғыны Лиза Жұмағалиева көппәтерлі үйіне жасалған жөндеуінің сапасыздығына шағымданып, Ақмарал Шәріпбайқызы тиесілі сала басшына нақты тапсырма жүктеп бір аптада кемшіліктерді жоюды тапсырды.
Бұдан бөлек Тәжі-Палуан көшесінің шет аумағында тұратын бір топ азаматтар газ жүйесі жүргізілмегендігін, бас жоспарға енгізілмегіндігін жеткізген болатын, алайда тиесілі сала басшысы сметалық құжаттар дайындалып жатқандығы тек облыстан қаржы бөлінсе газ жүйесі жүргізілетіндігін білдірді.
Одан әрі келген азаматтардың басым бөлігі тұрақты жұмыс, атаулы әлеуметтік көмек алуға, қоғамдық негізде жұмысқа орналастыруды сұрады. Бұл мәселелер бойынша төрағаның бірінші орынбасары мен тиесілі сала басшылары заңгерлік кеңес беріп, қазіргі таңда кәсіпкерлік мақсатта беріліп жатқан гранттарды пайдалануға, солтүстік облыстарға мемлекеттік бағдарламалар арқылы қоныс аударуға шақырды. Қоғамдық қабылдауға жалпы саны 21 азамат өз өтініштерін білдірді.


01 тамыз 2019 ж. 136 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области