Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қазақстандықтардың банк алдындағы берешегі қанша?

Қазақстандықтардың банк алдындағы берешегі қанша?

Kyzylorda-news.kz. Бүгінге дейін қазақстандықтар 3 триллион 600 миллард теңге тұтынушылық несие алды. Мұндай мәліметті еліміздің Ұлттық банкі жариялады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Несиенің бұл түрі бойынша қай өңір тұрғындарының банкке берешегі көп?
Ұлттық банктің жариялаған ақпаратына қарағанда қарыз алудан алматылықтар алда келеді. Ал жалпы биылғы алты айда отандастарымыз қаржы орталықтарынан 350 миллиард теңге қарыз алған.
Қазақстандықтардың қаржы орталықтарына берешегі артып келеді. Бүгінге дейін банктерден тек тұтынушылық бағытта алынған қарыздың өзі 3 триллион 600 миллиард теңгені құрады. Несиеге тұрмыстық тауар мен өзге де мүлік алу бойынша алматылықтар көш бастап тұр. Шаһар тұрғындарының банктерге берешегі 1 триллион 400 миллиард теңгеден асады. Ал елордалықтардың қарызы оған қарағанда 4,5 есе аз. 236 миллиард теңгеге мүлік алған қарағандылықтар үштікті түйіндеді. Сондай-ақ Түркістан облысы мен солтүтікқазақстандықтардың тұтынушылық несиеге берешегі ең аз өңір екені мәлім болды.
Айта кетейік, Үкімет бүгіннен бастап тұтынушылық бағыттағы несиенің өсімі мен айыппұлдарын кешірді. Ал 5 қыркүекте әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың 300 мың теңгеге дейінгі қарыздарын жабуға уәде еткен болатын.

Маусымда айында банктердің ипотекалық несие көлемі 4,5 % артты
Маусым айында еліміздегі екінші деңгейлі банктердің ипотекалық қарыз беру көрсеткіші 1,5 триллион теңгеге жуықтап, бір ай ішінде 4,5%-тік өсім көрсетті. Ал жылдық мәнде 30,5%-ке артқан. Салыстыру үшін айтайық, өткен жылдың шілдесінде ипотекалық несиелеу 1,14 триллион теңгені құрап, жылдық өсімі 13% болған еді. Сондай-ақ биыл маусымда берілген жалпы несие көлемі 0,6%-ке артқан. Оның 11,6%-і дәл осы ипотекалық қарыздардың үлесінде. Ипотекалық несиелеу негізгі екі бағыт бойынша дамып келеді. Алғашқысы жеңілдікпен берілетін қарыз. Яғни, элеуметтік аз қамтылған осал топтарға арналған. Ал екіншісі барлық азаматтарды қамтитын жинақтаушы жүйе мен комерциялық бағыт.
Айта кетейік, Қазақстан нарығындағы екінші деңгейлі 28 банктің тек 15-і ғана ипотекалық несие береді. Оның 9-ы қарызды айлық табыс пен мемлекеттік бағдарламалардың қатысуынсыз ұсынады.

Қазақстан нарығында маусымдық көкөністер арзандады
Шілде айының қорытындысына қарағанда, базарларда қызанақ 20%-ке, қияр 16%, ал қырыққабат 14%-ке арзандады. Дегенмен, кейбір азық-түлік түрлерінің қымбаттағаны байқалады. Статистика комитетінің мәліметтеріне қарағанда, өткен айда бидай 6,5%, күріш 3%-ке, ал сұлы жармасы 1,4%-ке қымбаттаған.
Айта кету керек, нарықта бағаны тұрақты ұстау үшін елімізде тұрақтандыру қоры жұмыс істейді. Онда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары базар бағасынан 20%-ке арзан сатылады. Сондай-ақ күзде ірі қалаларда жәрмеңкелер ұйымдастырылып, әлеуметтік дүкендердің жұмысы қыза түседі.
Айта кетейік шілде айының соңына қарай ет бағасы да сәл көтерілген. Мәселен, тауық еті бір ай ішінде 1,2%-ке қымбатады. Жылқы етінің жілікпен қоса алғандағы құнына 2,9% қосылып, 1900 теңге шамасында саудаланды. Ал сиыр еті 1650, қой еті 1600 теңге шамасында сатылды. Жеміс-жидек бағасында айтарлықтай өзгеріс жоқ. Ал қант 1,6%-ке арзандады.

АҚШ-тың федералдық қор жүйесі ставканы азайтты
АҚШ-тың федералдық қор жүйесі соңғы 10 жылда алғаш рет базалық мөлшерлемені 25 пунктке төмендетті. Осылайша, ол 2 - 2,25 деңгейіне түсті. Федералды қор жүйесінің мамандары мұндай шешім әлемдік өзгерістерге байланысты экономика қарқынын күшейтуге бағытталғанын айтады. Сонымен қатар елде еңбек нарығындағы ахуал жақсы, дегенмен, экономикалық өсім баяулап кеткен. Орталық банктің бұл шешімін президент Дональд Трамп сынға алды. Себебі, ол базалық мөлшерлеменің одан да төмен болуын қалаған еді. Сарапшылар АҚШ жыл соңына дейін базалық мөлшерлемені тағы да төмендетуі мүмкін деген пайым жасап отыр.
Айта кетейік, Федералдық қор жүйесінің келесі отырысы 17-18 қыркүйекте өтеді.
Қазақстандық қор биржасындағы соңғы сауда-саттық нәтижесі бойынша АҚШ долларының бүгінгі бағамы 384 теңге 2 тиынды құрады. Шетелдік валютаны айырбастау бөлімшелерінде 385-386 теңгеге сатып алуға болады.

03 тамыз 2019 ж. 36 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области