Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Заң бұзушылық фактілері 38 пайызға төмендеген

Заң бұзушылық фактілері 38 пайызға төмендеген

Kyzylorda-news.kz. Мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтау бағытында бірқатар іс-шаралар жүргізілуде. Бұл туралы бүгін журналистермен өткен брифингте Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Берікбол Байхожаев баяндады.

«2019 жылдың 6 айында Департаментпен Әдеп жөніндегі кеңес мүшелері мен Әдеп жөніндегі уәкілдердің қатысуымен облыстық, аудандық және ауылдық әкімдіктердің қызметшілерімен 332 кездесулер, семинар-кеңестер, дөңгелек үстелдер өткізді. Шаралар барысында мемлекеттік қызметшілердің әдебі мен мінез-құлық нормалары кеңінен түсіндіріліп, Агенттікпен әзірленген Әдеп кодексінің қойын кітапшасы яғни Pocketbook таратылды. Онда мемлекеттік қызметшінің қызметтік қарым-қатынаста жұмыстан тыс уақытта қандай мінез-құлық таныту қажеттігі, әлеуметтік желіні пайдалану керектігі туралы мәселелер қамтылған»,-деді Берікбол Ұзақұлы.
Брифингте Берікбол Байхожаев қолға алынған түрлі шаралардың мемлекеттік қызметшілер тарапынан тәртіптік теріс қылықтарды жасау фактілерінің азаюына септігін тигізетінін жеткізді. Соның нәтижесінде мемлекеттік қызметшілердің заң бұзушылық әрекеттері төмендеуде. Яғни, өткен жылмен салыстырғанда мемлекеттік қызметшілердің заң бұзушылық фактілері 38 пайызға төмендеген.
01 тамыз 2019 ж. 149 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области