Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада мылтық ұрлаған жігіт ұсталды

Қызылордада мылтық ұрлаған жігіт ұсталды

Kyzylorda-news.kz. Қызылордада белгісіз адам үйдің кіре беріс бөлмесіндегі пластик терезесін күштеп ашып, жатын бөлмеде тұрған 1 дана аңшы мылтығын, 14 дана оқтарын, шкаф ішінде тұрған күміс бұйымдары мен әшекейлерді, киім-кешектерін жасырын түрде жымқырып, оқиға орнынан бой тасалаған.

Облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінің таратқан мәліметіне сәйкес бірнеше сағат ішінде күдікті азамат ұсталып, ұрланған заттар айғақ ретінде алынған.
«Оқиға бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 291-бабының 1-бөлігімен (Қаруды, оқ-дәрілердi, жарылғыш заттар мен жарылыс құрылғыларын жымқыру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды», - делінген таратылған хабарламада.
Құрықталған 25 жастағы күдікті Қызылорда қалалық Полиция басқармасының уақытша ұстау абақтысына қамаққа алынды.
01 тамыз 2019 ж. 141 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области