Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Құқық қорғау органдары электронды форматта іс жүргізеді

Құқық қорғау органдары электронды форматта іс жүргізеді

Kyzylorda-news.kz. Құқық қорғау органдары өткен жылдан бастап электронды форматта түрлі жобаларды іске асыруда. Сондай жобалардың бірі - «Әкімшілік өндірістердің бірыңғай тізілімдері» жобасы. Жоба іс-құжатты толтыру процесі және жол-көлік бұзушылықтары бойынша айыппұлдар төлеу ісін автоматтандырады. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетінің Қызылорда облысы бойынша басқармасының бөлім басшысы Мәди Әбішев журналистермен өткен брифингте баяндады.

«Ағымдағы жылдың сәуір айынан бастап жол-көлік полиция органдарымен құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік хаттамалар планшет құрылғылары арқылы электронды форматта толтырылуда. Бұл өз кезегінде салынған әкімшілік айыппұлдарды өндіру тәртібін жеңілдетеді. Салынған айыппұлдың 50% жеңілдетілген құқығын пайдалана отырып банк бөлімдері кассалары арқылы яғни сол уақытта төлеу мүмкіндігі бар», - дейді Мәди Әбішев
Электронды жобалардың бірі «е-Өтініш» жобасы. Бұл азаматтардың өтініштерін қарау және қабылдау бойынша мемлекеттік органдардың әрекеттерін құрылымдауға арналған. Жүйе өтініштердің мерзімдерінің бұзылуын анықтауға, мемлекеттік органдардың және аудан бойынша азаматтардың проблемалық сұрақтарына талдау жасауға, қарауына жатпайтын өтініштерді анықтауға мүмкіндік береді.
Брифинг барысында бөлім басшысы Мәди Әбішев кәсіпкерлік субьектілерін тексеруді азайтуға бағытталған жобалардың тиімділігін атап өтті.
«Ашықтыққа қол жеткізу үшін барлық мемлекеттік органдарда ТСОБТ ақпараттық жүйесі қолданысқа енгізілді. 2018 жылдың шілде айынан бастап тексерулер электронды түрде тіркеле бастады. Бұл өз кезегінде бақылаушы мемлекеттік органдарға кабинетте отырып тексеру тағайындауға және кәсіпкерлердің уақытылы хабарлама алуына мүмкіндіктер берді. Тексеру тіркелгеннен кейін кәсіпкердің ұялы телефонына «Сізге тексерумен келеді» мәтіні бойынша Push-хабарлама келеді. Ал, алдағы уақытта жүргізілетін тексеру бойынша ұялы қосымшаға «Неге МЕН?» батырмасы қалыптастырылады», - дейді Мәди Әбішев.
31 шілде 2019 ж. 88 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области