Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Мәскеуде көз жұмған қазақ дүлдүлдері

Мәскеуде көз жұмған қазақ дүлдүлдері

Жұлдыз аз ба симаған тар маңдайға?!


Өзге елде жарық дүниемен қош айтысқан қазақ дүлдүлдері қаншама...Біз бүгін солар туралы айтуды жөн көрдік. Олар біздің жүрегімізде һәм қазақ өнері тарихында мәңгі сақталады.

Мұхтар Әуезов
Мұхтар Омарханұлы Әуезов - қазақтың ұлы жазушысы. Ол 1897 жылы 28 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданындағы Бөрілі деген жерде туған. Оның қазақ әдебиеті мен мәдениетіне баға жетпес еңбек сіңіргенін ел біледі. Ұлы жазушы пайғамбар жасында қайтыс болыпты. Яғни Мұхтар Әуезов 1961 жылдың 27 маусымында Мәскеудегі Кремль ауруханасында ота жасалғаннан кейін көз жұмған.

Күләш Байсейітова
Күләш (Гүлбахрам) Жасынқызы Байсейітова - қазақтың бұлбұл әншісі. Ол 1912 жылы 2 мамырда Қарағанды облысының Ақтоғай ауданындағы Нарманбет деген жерде туған. Күләш Байсейітова өмірден 45 жасында кетті. 1957 жылдың 6 маусымында Мәскеуге гастрольге барған кезінде қонақ үйде жатып қайтыс болды. Ресми мәлімет бойынша, миына қан құйылған. Бірақ оның өлімінің шын себебіне қатысты әлі күнге дейін түрлі жорамалдар бар.

Шәкен Айманов
Шәкен (Шаһкерім) Кенжетайұлы Айманов - қазақтың ұлы режиссері әрі актері. Ол 1914 жылдың 15 ақпанында Павлодар облысының Баянауыл ауданында туған. Өмірі ұзаққа созылмаса да, қазақ киносы мен театрына өлшеусіз еңбек сіңіріп кетті. Ол 56 жасында көз жұмған. Шәкен Аймановты 1970 жылы 23 желтоқсанда Мәскеуде көлік қағып өлтірді. Ал сол күні ол шет елге бару үшін құжаттарын әзірлеп жүрген екен.

Қалтай Мұхамеджанов
Қалтай (Халиолла) Мұхамеджанұлы Мұхамеджанов та - қазақтың ұлы тұлғаларының бірі. Ол 1928 жылдың 24 желтоқсанында Қызылорда облысындағы "Шіркейлі" кеңшарында дүниеге келген. Қалтай Мұхамеджановтың драматургиямызға сіңірген еңбегі орасан зор. Ол әрі қазақтың түңғыш кәсіби театр сыншысы болған. Қ.Мұхамеджанов 73 жасқа қараған шағында көз жұмды. 2001 жылдың 7 мамырында Мәскеуде қайтыс болған.

Батырхан Шүкенов
Батырхан Камалұлы Шүкенов – қазақтың аса дарынды әншісі, музыканты. Ол 1962 жылдың 18 мамырында Қызылордада туған. Батырхан өзінің өнерімен елімізге ғана емес, әлемге танымал болды. Ол 2015 жылдың 28 сәуірінде Мәскеуде телешоуға қатысып жүрген күндердің бірінде жүрек талмасынан 53 жасына 20 күндей ғана жетпей көз жұмды. Айта кетейік, Батырхан қайтыс болғанда, біраз қалада көптеген адам жиналып, ол орындаған әндерді айтты.


03 тамыз 2019 ж. 31 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области