Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Ауыл әкімі мас күйінде қызметтік көлігімен жүрген

Ауыл әкімі мас күйінде қызметтік көлігімен жүрген

Kyzylorda-news.kz. Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы Александров ауылдық округінің әкімі Ганжа Тұрғаналиев мас күйінде қызметтік көлігімен жүрген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Г.Тұрғаналиевтің тәртіптік ісі ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі БҚО-дағы әдеп жөніндегі кеңес отырысында қаралды.
Сот қаулысы қорытындысына сәйкес Г.Тұрғаналиев 4 мамыр күні сағат 00.20-да «Лада 21214 187» автокөлігін Ақсай қаласы Абай көшесінде мас күйінде айдап келе жатқан кезде полиция қызметкерлерімен тоқтатылған.
Ауыл әкімінің түсіндіруінше, ол 2 мамыр күні өз үйінде ішкен, ал 4-інде спирттік ішімдік татпаған. Алайда медициналық куәландыру оның жеңіл дәрежеде мас күйінде болғандығын көрсеткен.
Сот қаулысымен әкімшілік құқықбұзушылық жасаған Г.Тұрғаналиев үш жылға көлік басқару құқығынан айырылған.
Өзінің сөзіне қарағанда, ол 3 мамыр күні сағат 15.00-де жүргізушісімен бірге қызмет бабымен Ақсай қаласына барған. Сағат 17.00 шамасында жүргізуші автокөліктің сынып қалғанын айтып, жеке техникалық қызмет көрсету стансасына апарған. Сол күні сағат 18.30-да жүргізуші сұранып кеткен. Содан кейін көлік әзір болған кезде сағат 23.00 шамасында өзі айдап шыққан. Сосын полиция қызметкерлері тоқтатып, наркологияға баруға тура келген. Әдеп жөніндегі кеңес мәселені талқылай келе, Г.Тұрғаналиевке қатаң сөгіс беру туралы Бөрлі ауданы әкіміне ұсыныс жасады.

31 шілде 2019 ж. 110 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области