Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Президенттің кадрлық резервіне іріктеу 1 қыркүйекте басталады

Президенттің кадрлық резервіне іріктеу 1 қыркүйекте басталады

Kyzylorda-news.kz. Президенттің кадрлық резервіне іріктеу 1 қыркүйекте басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің «Игілік баршаға! Сабақтастық. Әділдік. Өрлеу» сайлауалды бағдарламасында елде Президенттік кадрлық резервті қалыптастыру қажеттігін жариялады. Тұңғыш рет инновациялық технологиялар, инженерия, кәсіпкерлік қызмет, медицина, экономика, мәдениет және басқа да көптеген салаларда елеулі нәтижелерге қол жеткізген жас қазақстандықтарда резервке іріктеуден өтуге және елдегі жоғары мемлекеттік, басқару лауазымдарына тағайындалуға мүмкіндік пайда болды.
Іріктеу барынша ашық өткізіледі, оған 35 жастан аспаған, жоғары білімі және кемінде 5 жыл жұмыс өтілі бар жастар қатыса алады.
Резервке қосылуға ынталы азаматтар бірнеше кезеңнен өтуі тиіс:
кандидаттардың теориялық білімін тестілеу;
көшбасшылық қасиеттерді, сыни ойлау деңгейін, стратегиялық көзқарасын, үміткерлердің уәждемесі мен құндылықтарын бағалау (эссе жазу, жобаларды таныстыру, сұхбаттан өту және бағалаудың басқа да құралдары);
Президент Әкімшілігінің Сарапшылық комиссиясында әңгімелесу;
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссияның отырысында қарау.
Егер Сіз табысты бастамалардың авторы болсаңыз, қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыру үшін жаңа жобалар мен іс жүзінде іске асырылатын идеяларды ұсынуға, жедел шешім қабылдауға және инновацияларға тез бейімделуге қабілетті болсаңыз «Президенттік кадрлық резерв» жобасына қатысуға онлайн өтінім жолдаңыз!
Қазақстанның дамуында шешуші рөл ойнайтын және ілгерілеудің қозғаушы күші болатын жас әрі тиімді болашақ басшылардың қатарына қосылыңыз.
Толық ақпаратты агенттіктің qyzmet.gov.kz сайтынан алуға болады.

31 шілде 2019 ж. 113 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области