Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада «Квадрат» әдісі бойынша профилактикалық іс-шара өтуде

Қызылордада «Квадрат» әдісі бойынша профилактикалық іс-шара өтуде

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласындағы «Универсам» аталып кеткен қалалық полиция басқармасының № 10 учаскелік полиция пунктінің әкімшілік аймағына қарасты Абай даңғылы, Панфилов, Бектұрғанов және Мұратбаев көшелерінің квадратында орналасқан көп қабатты тұрғын үйлердің аулаларына шолу жұмыстары ұйымдастырылды. Бұл туралы полиция басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Қысқа мерзімді жедел профилактикалық іс-шараға қалалық полиция басқармасының учаскелік және патрульдік полиция, әкімшілік полиция бөлімі, азаматтық және қызметтік қару айналымын бақылау тобы, қабылдау-тарату және әкімшілік қамау орны қызметкерлерінен барлығы 30 қызметкер 5 автокөлікпен жұмылдырылды.
Іс-шара кезінде квадратта орналасқан барлығы 15 көп қабатты тұрғын үйлердегі полицияның профилактикалық және тізімдік есебінде тұратын 23 азаматтар және 20 азаматтық қару иелері мекен-жайларынан тексерілсе, ішімдік құмар азаматтардың жиналуы мүмкін орындар, жертөлелер, шатырлар бұзылған ғимараттар тексеруден өткізілді.
Тексеру кезінде осы аулада орналасқан Чайковский № 8 үйдің ауласындағы жеке гараждардың маңынан өмірдің қиын жағдайына душар болған тұрғылықты мекен-жайлары беймәлім, ішімдікке қатты салынған барлығы 12 азаматтар мен 3 азаматшалар, барлығы 15 ұсталып, қалалық полиция басқармасына жеткізілді.
Іс-шараға жұмылдырылған учаскелік және патрульді полиция қызметкерлерімен тұрғын үйлердің аулаларында спирттік ішімдік ішіп, масаң күйінде қоғамдық орындарда жүргендері үшін 8 азамат жеткізіліп, олардың 3-уі бейімдеу және уытсыздандыру орталығына жатқызылды. Олардың барлығына ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 440-бабына сәйкес әкімшілік хаттамалар рәсімделді.
Сонымен қатар, профилактикалық іс-шара барысында учаскелік полиция, азаматтық және қызметтік қару айналымын бақылау тобының инспекторымен барлығы 20 қару иелері мекен-жайларынан тексерілсе, ҚР ӘҚБтК-нің 484-бабының 1-бөлігі яғни, «қаруды сақтау ережесін бұзу» дерегімен бір азаматқа әкімшілік хаттама толтырылып, қаруы уақытша тәркіленді.
Аталған бағыттағы жедел профилактикалық іс-шаралар алдағы күндері де жалғасын табатын болады.
31 шілде 2019 ж. 36 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области