Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қазалылық 340 оқушы «Тұлпар мініп, ту алған» байқауына қатысады

Қазалылық 340 оқушы «Тұлпар мініп, ту алған» байқауына қатысады

Kyzylorda-news.kz. Қыркүйек айында өтетін «Qazaq Epos» республикалық ағарту жобасының «Тұлпар мініп, ту алған!» байқауына Қазалы ауданынан 6-10 сыныптардан 340 оқушы қатысып, бағын сынайды.

Қазалы ауданында оқушыларды іріктеу жарысы 15 қыркүйек күні өткізіледі деп жоспарлануда. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» мақалаларында қойылған міндеттерді іске асыру мақсатында ұйымдастырылатын байқауға қызу дайындық жұмыстары жүргізілуде. Әзірге оқушылардың дайындығы жаман емес. Е.Бозғұлов атындағы №249 мектеп-лицейдің 10-сынып оқушылары Аймейір Әбдрахым, Гүлзира Қонысбай (жетекшісі Гүлфайруз Әлішова), Б.Мергенбаев атындағы №226 мектеп-гимназияның 6-сынып оқушылары Ғазиза Айдарбекова, Айя Сердалы (жетекшісі Мейрамкүл Жөлекеш), №88 мектептің 8-сынып оқушысы Жазира Нұрқаш, 7-сынып оқушысы Айерке Төремұрат (жетекшісі Сұлтанғазы Томай) және тағы басқа оқушылар Қобыланды батыр жырын түгелдей жаттап алды.
29 шілде 2019 ж. 116 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области