Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Елімізде ауруханаға «өтірік» жатушылар көбейген

Елімізде ауруханаға «өтірік» жатушылар көбейген

Kyzylorda-news.kz. ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов қазақстандықтардың медициналық көмекті дұрыс қолданбайтынын жеткізді. Бұл туралы министр Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында айтты.

Елжан Біртанов қазақстандықтардың қажет болмаса да, көп уақытын ауруханада өткізетінін айтады.
«Өзге елдермен салыстырғанда мемлекетімізде адамдар аурухана көмегіне шектен тыс көп жүгінеді. Яғни адамдар жиі әрі көп ауруханада жатады. Дәрігерге келіп қаралған соң, дәріні үйде немесе стационарда жатып қабылдауға болатын кездер болады», - деді Елжан Біртанов орталық коммуникацияларға өткен брифинг барысында.
Ведомство басшысының айтуынша, медициналық мекемелерде тәулік бойы дәрігерлердің бақылауында болуы тиіс, жағдайы өте ауыр адамдар жатуы тиіс.
«Әлем бойынша ауруханаға жатқызуға қатысты талаптар өте жоғары. Сол себепті олар қажет емес кезде науқастарды жатқызбау үшін бұл қызметті қымбаттатады», - деп қосты министр.
26 шілде 2019 ж. 170 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области