Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Жалағашта 4,5 млн теңге тұратын өрт сөндіру бекеті ашылды

Жалағашта 4,5 млн теңге тұратын өрт сөндіру бекеті ашылды

Kyzylorda-news.kz. Биыл Қызылорда 6 өрт сөндіру бекетін құру жоспарланған.

Жоспарға сәйкес Жалағаш ауданының Аламесек және Мәдениет ауылдарында өрт сөндіру бекеті ашылып, қажетті жұмыстар атқарылды.
Ауданда өрт сөндіру бекеттерін құру қажеттігі бұрыннан туындаған мәселе. Сондықтан мәселені шешу мақсатында аудандық және ауылдық әкімшіліктер тарапынан әр түрлі нұсқалар қаралды. Бірлесіп атқарылған жұмыстардың нәтижесінде Жалағаш ауданының бюджетінен аталған өрт бекеттерін ашуға 4,5 млн теңге қаралды.
Құрылған бекет жасақшылары өздеріне бекітілген аумақта халық арасында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізумен қатар жану жағдайлары мен басқа да төтенше жағдайларды жоюға қатыстырылатын болады.
26 шілде 2019 ж. 188 0
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области