Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Бахыт Жаханов Қызылорда облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды

Бахыт Жаханов Қызылорда облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды

Kyzylorda-news.kz. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша облыс әкімінің өкімімен Жаханов Бахыт Дүйсенұлы облыс әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды.

Б. Жаханов 1974 жылы туған. Ы.Жахаев атындағы Қызылорда политехникалық институтын «экономист-менеджер» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1996 жылы Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы департаментінің жетекші маманы болып бастаған.
Әр жылдары Қызылорда облысының экономика, табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу, сондай-ақ білім басқармаларында жауапты қызметтер атқарған.
2008-2011 жылдары – Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы, табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармаларын басқарған.
2011-2015 жылдары – Қызылорда облысы әкімінің орынбасары, Қазалы ауданының әкімі.
2015 жылдың маусым айынан бастап осы кезге дейін Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы лауазымында қызмет атқарып келді.
26 шілде 2019 ж. 901 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2022    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области