Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Тегін берілетін дәрілерді сатқандар ұсталды

Тегін берілетін дәрілерді сатқандар ұсталды

Kyzylorda-news.kz. Елімізде тегін берілетін рецептуралық дәрілерді жекеменшік дәріханаларға сату ісі бойынша 27 қылмыстық іс қозғалған. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлім етті.

Министрдің сөзіне қарағанда, елімізде жыл сайын 3 млн тегін дәрі рецепті жазылатын көрінеді. Алайда осы дәріні жекеменшік дәріханаларға сатып, оңай олжа табатындар пайда болған.
«Тегін берілетін дәрі-дәрмектің елге жетпей жатқаны туралы шағым көбейгеннен кейін SMS-ескерту жүйесін іске қосқанбыз. Науқасқа тегін дәрі рецепті берілгені туралы ақпарат базаға түскен сәтте емделушіге SMS-хабарлама жіберіледі. Сондай SMS алған 4000 адам, өздеріне ешқандай дәрі берілмегенін айтып шағымданған. Бұл жерде көптеген фактор бар. Тіпті науқастың телефон нөмірі өзгеріп кеткен жағдайлар да болды. Мемлекет тарапынан сатып алынған дәрі-дәрмекті жеке дәріханаларға сату жағдайлары да тіркелді. Бұл факторлар бойынша құқық қорғау органдарымен бірлесіп жұмыс жүргізіліп жатыр. Аталмыш заңсыздыққа байланысты 27 қылмыстық іс қозғалды», - деді Елжан Біртанов.
Ол сондай-ақ, дәрі сатып алуға қатысты тендерді ашық жүргізудің арқасында миллиардтаған қаржы үнемделіп жатқанын айтты.
«Дәрі-дәрмек нарығын мейлінше ашық қылу үшін үшінші жыл қатарынан жұмыс істеп жатырмыз. Былтыр ашық тендер өткізудің арқасында 26 млрд теңге үнемделді. Бұл ақша қосымша дәрі алуға жұмсалды», - деді министр.
Ведомство басшысының айтуынша, өткен жылы барлық өңірлерден 129 млрд теңгеге тегін дәрі өтінімі берілген. Бірақ кейіннен әкімдіктер оның 14 млрд теңгесінен бас тартқан.
25 шілде 2019 ж. 341 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2021    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области